Үздіктерді анықтайтын күз фестивалі

Үздіктерді анықтайтын күз фестивалі

Күздің күміс қоңырауы күмбірлегені сол – өнер айдынында қарбалас, қызу тіршілік басталды да кетті. Еуропа пен Азия құрлығы киногерлерін елімізге ағылтқан «Еуразия» кинофестивалінің ізін ала бере, Алматыда ХІХ Республикалық театрлар фестивалі қызыл кілемін төседі.
Қыркүйектің 26-сы күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еліміздің түкпір-түкпірінен келген театр­лардың өкілдері, елімізге театр сахнасы мен кино экраны арқылы кеңінен танылған өнер жұлдыздары ал қызыл кілем үстінен қол бұлғады. Фестивальдың тұсаукесер рәсімі еліміздің Мәдениет министрі Мұх­тар Құл-Мұхаммедтің сөзінен басталды. Күні кеше елордамызда Мәдениет арна­сының ашылуына байланысты салтанатты жиынға қатысуына байланысты бұл фес­тивальға министр мырзаның құттықтау ха­тын Мәдениет комитетінің төрағасы Ілияс Манашұлы оқып берді.
Ал, жалпы, бұл фестиваль Тәуелсіз­ді­гіміздің 20 жылдығына арналып, оған еліміздің республикалық және облыстық театрлары қатысуда. Мұндағы мақсат – Қазақстанның қалыптасуы мен жетістіктері, Тәуелсіздіктің тарихи маңызын көрсететін патриотизм тақырыбындағы отандық ав­тор­лардың шығармалары мен соңғы екі-үш жыл театр маусымында сахналанған үздік қойылымдардың бақтарын сынау. Астана қаласындағы Жастар театрының «Меккеге қарай ұзақ жол» қойылымымен ашылған фестиваль аясында көрермен соңғы кездері сахналанған тың қойылымдарды тамашалай алады. Кеше сондай-ақ Қ.Қо­жа­мияров атындағы Мемлекеттік респуб­ликалық ұйғыр музыкалық комедия театры «Гүлдәстә» қойылымын, ал Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры «Көктөбедегі кездесу» спектакльдерін көрерменге ұсынды. Бүгін Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры «Перзентхана» атты қойылымға шақырады. Сондай-ақ қойылымнан тыс уақытта ресейлік режиссер, Санкт-Петербург мемлекеттік театр өнері академиясының аға оқытушысы, актер шеберлігі жөніндегі халықаралық деңгейдегі маман Е.Кузина актерлер мен режиссерлерге арналған шеберлік сабағын да тап бүгін өткізбек.
Талғат Теменов, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры:
Бұл – өнер мейрамы, өнер бәсекесі. Біршама жылдан бері өткізіліп келе жат­қан Театр фестивалі бүгінде үрдіске ай­налды. Еліміздің түкпір-түкпірінен кел­ген сахна саңлақтары осындай бас­қосулар арқылы бірін-бірі танып, бірі­мен-бірі тәжірибе алмасып, жыл бо­йына өздеріне рухани нәр алып қай­тары сөзсіз. Бізге осындай жағдай ту­ғызып, мүмкіндік бергені үшін ел бас­шылығы, сондай-ақ Мәдениет ми­нистрлігі алғыс айтуға тұрарлық.
Жалпы, фестиваль барысында «Ең үздік спектакль», «Ең үздік режиссерлік шешім», «Ең үздік драматургиялық шы­ғар­ма», «Қазақ драматургиясын табысты мең­гергені үшін», «Ең үздік әйел адам бейнесі», «Ең үздік ер адам бейнесі» т.б. но­минациялар бойынша үздіктер анық­талады. Қызыл кілемнің үстімен үміт ар­қалап жүріп өткен сахнагерлер солайша күздің үздіктері анықталатын қыр­күйектің соңғы күнін күтеді. Талай жас дарын­дар­дың тұсауын кесіп, үлкен сахнаға жолдама беретін театр фестивалінен кейін қазақ драматур­гиясы, қазақ сахнасына тың серпіліс келеді деп күтеді көрермен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста