Ұстаз Рафиқа Нұртазина туралы ашық сабақ өтті

Ұстаз Рафиқа Нұртазина туралы ашық сабақ өтті

Жуырда Қ.Сәтбаев атындағы №56 мектеп-гимназияда ұстаз Рафиқа Нұртазина тағылымына арналған ашық сабақ өтті. Оған білім басқармасының мамандары, ардагер ұстаздар мен қазіргі мұғалімдер қатысты.
Рафиқа Нұртазина – Социалистік Еңбек Ері, «Құрмет» белгісінің, А.Пушкин атын­да­­ғы және тәуелсіз «Тарлан» сый­лық­та­ры­ның иегері. Биыл 90 жасқа келіп отырған аяу­лы ана, ардақты ұстаз жайлы әңгімені орыс мектебінің 5-сынып оқушылары үлкен ықыласпен, зейінмен тыңдады. «Ра­фи­қа Нұртазина – еңбек жолын қарапайым мұ­ғалімдіктен бастап, ұлттың анасы бола білген жан. Ол көп жыл бойы қаладағы №12 мектепте мұғалімдік, кейіннен директорлық қызметтер атқарды. Ұстаз­дық еткен уақытта Шота Уәлиханов, Мар­фу­ға Айтқожина сынды бүгінгі көптеген та­нымал азаматқа білім берді», – деп бас­таған мұғалима Гүлмира Қасенова бұдан кейінгі сөзін Нұртазинаның қиындық пен қызыққа толы өміріне арнады. Сабақ соңында оқушылар ардақты ұстазға ар­на­ған өлеңдерін оқып, би билеп, келген қо­нақ­­тарға өз өнерін көрсетті. Айта кеткен жөн болар, бүгінгі таңда Қ.Сәтбаев атын­дағы №56 мектеп-гимназияда қазақ тіліне, қазақ ағартушы-ғалымдарын оқы­ту­ға үлкен мән беріліп келеді. Мәселен, өт­кен аптаның өзінде Р.Нұртазина туралы бес ұстаз ашық сабақ өткізген. Сонымен бір­ге әр жұма сайын ұстаз, оқушылардың қазақ тілінде сөйлеуді дәстүрге айнал­дыр­ғанын да игі іс деп бағалауға болады.
Гүлмира Қасенова, Қ.Сәтпаев атындағы №56 мектеп-гимназияның қазақ тілі пәні мұғалімі:
– Бұл сабақты өткізудегі мақсатымыз – оқушыларды ұстаздарды сыйлауға, құрметтеуге үйрету. Олардың бойында ұстаздарға деген сүйіспеншілік, махаббат сезімдерін ояту. Сабақ оқушыларға түсінікті өтті ғой деп ойлаймын. Себебі сыныбымыздың оқушылары өзге ұлттың балалары болса да, қазақ тілін жақсы түсініп, сөйлейді. Айта кетейін, Р.Нұртазина – тек ардақты ұстаз ғана емес, ардақты ана бола білген жан. Екі қыз тәрбиелеген оның бірінші қызы қазір қаладағы бір мектептің директоры болса, екіншісі ғылым жолын қуып келеді. Біздің – оқушылардың да, ұстаздардың да бұл кісіден алатын өнегеміз көп.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста