Үш жиырма мен «үшемдер» тоғысатын кеш

Алпыс екі тамырын идіріп берген ананың сүті, атаның қаны арқылы ғасырлардан ғасырларға өзімізбен біте қайнасып кеткен қазақы ән, ұлтымыздың үні, қоңыр дауыстың жөні бөлек қой, шіркін, қашан да!.. Сондай дара дауыс, әуезді үн мен әуелеткен әнге шөліркеп қалған қауымды наурыз­дың 19-ы күні ерекше бір концерт күтеді.
«Ал қоңыр ән екенсің» атты бұл кеш елімізге белгілі әншілер, өнерде де, өмірде де жұптары жазылмай келе жатқан жұбай­лар – Құрманбек Әлімғазыұлы мен Риза Қайырбайқызыныкі. Жұбайлар өздерінің бұл концертін Тәуелсіздігіміздің 20 жыл­ды­ғына арнаса, өздерінің өнерде жүр­ген­деріне де, сондай-ақ отбасын құрғандары­на да дәл осынша уақыт болса керек. Сон­дықтан үш жиырманың басын тоғыс­тырған бұл кешті жұлдызды жұптар өмірін­дегі өте маңызды оқиға деуге болады.
Құрманбек Әлімғазыұлы мен Риза Қа­йыр­байқызы...
Осы есімдердің өнерге келу тарихына аз-кем шегініс жасар болсақ, түптеп келе, ол ел егемендігімен тікелей байланысты болып шығады. Себебі оған дейін қазақтың бұл екі перзенті Атамекеннен жырақта – аспан асты елінде жүрген-ді.
Құрманбек ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ, әнші, «Қазақконцерт» бірлестігінің қызметкері, Қытай Халық Республикасының мәдениет қайраткері:
– Бала күнімізден сонау Еренқа­бырғаның арғы жағындағы байырғы қазақ жерінде ұлтымыздың үнін Қазақ радиосынан  ертегі, қисса, дастандар­мен қатар Нұрғали Нүсіпжанов, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, Алтынбек Қоразбаев сынды майталман әншіле­ріміз­ді қалт жібермей тыңдап өстік. Шіркін, әннің құдіреті Абай атамыз айтпақшы, ұйықтап жатқан жүректі де оятып жібермей ме?!  Біздің бойымызда­ғы өнер шоғының үрленуіне осы қасиет­ті радио түрткі болды дей ала­мын. Анамыз домбыра шертетін, сол сүттен де бір қасиет дарыса керек, әйтеуір бала боп қыңқылдап,  домбыра алдырғаным әлі күнге есімде. Сол домбыраға жар­мас­қаннан әлі күнге өнердің сүрлеуіне түсіп, сол жолда өмірдің мәнін тауып, жұбымызды тауып, елге оралу, егемен еліміздің төрінде концерт қою бақытына қол жеткізіп отырмыз.

Егемендігіміз сыйлаған еркіндіктің арқасында елімізге Еренқабырға мен Алтай тауларының арғы жағынан кезінде көз жазып қалған қаншама бауырларымыз оралды. Соның ішінде бүгінде қазақ елінің өнеріне өлшеусіз үлес қосып жүрген Майра Керей, Шұғыла Сапарғалиқызы, Шәба Әденқұлова т.б  да көптеген өнерпаздарымыз  бар. Аталған кешке осы аяулы жандар ақ тілектерімен ән мен жырдан шашу шашып келмек. Айта кетуге тұрарлық тағы бір қызық жайт бар. Өнерде біріне-бірі қатты ұқсайтын адамдар кездесіп жатады, тіпті халық оларды көшеде көргенде айыра алмай, шатастырып жатады. Осы кештің иесі Құрманбек Әлімғазыұлын жұрт көбіне әнші Сембек Жұмағалиевпен, ол аз десе­ңіз, күйші Секен Тұрысбеков ағамызбен қатты шатастырып жатады. Тіпті әншіге достары әзілдеп «Құрманбек өзінің Сембек емес екенін дәлелдеу үшін сахнада қан­шама жыл бойы ән айтумен келеді» дейтін­ге де ұқсайды. Міне, осы кеште әнші әдейі өзінің өнердегі екі ағасын концертіне арна­йы шақырып, үшеуі сахнаға қатар шығып, «міне, біз үш адамбыз» деп көрерменнің көзін шындыққа жеткізбекші.
Құрманбек Әлімғазыұлы мен Риза Қайырбайқызының әндерінің барлығы дерлік жұртшылыққа таныс. Әсіресе ақын Алмас Ахметбекұлының сөзіне жазылған «Көк туым желбіреген», Ескендір Хасанға­лиевтің «Айналдым елім» атты әндері кейінгі жылдары ел құлағында. Сондай-ақ әнші­лер Ермұрат Зейіпханұлы, Асхат Әбілахатұ­лы, Кеңес Дүйсекеев, Алтынбек Қоразбаев­тармен тығыз шығармашылық байланыста. Олардың тағы бір ерекшелігі –  бірнеше тілде ән шырқай алатындығында, яғни қазақ, қытай, тіпті итальян классика­лық әндерін нақышына келтіре орындай береді. Алған білімдеріне келсек, Құрман­бек Әлімғазыұ­лы Үрімжіде, Риза Қайыр­бай­қызы Пекин­дегі өнерлілерді даярлай­тын оқу орын­дары­нан білім алған. Содан кейін елге кел­ген соң да 1991-1994 жыл­дар аралы­ғын­да Т.Жүргенов атындағы өнер  академиясында Кәукен Кенжетаев, Есім Сегізбаев, Аман­гелді Сем­бин, Әшір­бек Сығайлардан дәріс алады. Орайы кел­генде сондай-ақ Риза Қайырбай­қызының «Елік-ай» әнінің «Алтын дискіге» енгенін айта кеткеніміз жөн. Жұбайларға «Алтай аясын­дағы бір үйлі жандар» атты төрт бөлім­ді операны орын­дағаны үшін Қытай Халық Республика­сы­ның мәдениет қай­раткері атағы беріл­ген.
Атажұртқа алғаш оралғанда өнерпаз­дарға ағалық қамқор қолын созған Алтын­бек Қоразбаев «Қазақконцертке» жұмысқа шақырғанын  жұбайлар ерекше ризашы­лық­­пен айтып жүреді.
Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ, кештің сценарийін жазған ақын:
– Жалпы, қазақта жезтаңдай әнші деген сөз бар. Сол сөздің толық мағы­насы осы Құрманбектің даусына келеді. Немесе Әсет Найманбайұлының «Дау­сым көкте дамылдаған» деген сөзі бар. Құрманбектердің даусы көкте қалықтап қалатын дауыс қой. Микрофонның күшіне сүйеніп, түртіп қалсаң құлап қалатындай әлсіз дауыспен де ыңылдап жүргендерді бұл екеуінің қайсысымен болсын, яғни Риза не Құрманбекпен тіпті салыстыруға да тұрмайды. Сондық­тан сондай зор дауысты домбырамен ән шырқау арқылы көрсетсін, нағыз әннің қандай болатынын халық білсін деп  мен жүрген  жерімде үнемі домбы­ра ұсына қоямын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста