Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Алтынбек Қоразбаевтың "Үш қоңыр" әнін орындаған қара нәсілді интернеттің "жұлдызына" айналды деп хабарлайды Sn.kz.
Instagram желісіндегі eap_kz парақшасында жарияланған видеороликті 9 сағат ішінде 60 мыңға жуық адам қараған.
Әлеуметтік желі қолданушылары әнші қыздың дауысына тәнті. Тіпті, ана тілін білмейтін өз қазақтарымыз сабақ алуы тиіс деп пікір білдірген тыңдармандардың көбі.
Айта кетейік, соңғы кезде қазақша ән айтып, домбырада күй ойнайтын афроамерикалық өнерпаздар саны Қазақстанда айтарлықтай артқан. Бұған дейін қазақ тойларында Құрманғазының "Адайын" шебер орындап, "Атамекен" әнін айтқан қара нәсілді тамада жігіттің өнері көпшілікті таң қалдырған болатын.