«Ұрықты» өзгерту керек пе?

Адам және қоғам. Қоғам және заман. Адамзат баласы пайда болғалы үнемі екі нәрсе туралы айтумен келеді. Өзі және Тәңірі туралы. Адам жаман, Жаратқан жақсы деген ұғым жоқ. Немесе керісінше болуы да мүмкін емес.

Кешегі Құдайсыз кезеңдегі ұлтты құртудың ең сорақы жолы – тіл мен діннен айыру еді. Сол үшін «халық жауы» деген пәлені ойлап тауып, ұлт қаймақтарын нағыз халық жауларының өздері құртқаны күні кеше. Сол имансыз жетпіс жылдан кейін Тәуелсіздік алып, жоғалтқан біраз «жоғымызды түгендеуге кірістік». «Жиғаным – иманым» дейтін бостан ұрпақ өсіп шықты. Жер-жерлерде мешіт ашылып, жұрт иманға бой ұрды. Сол жаңадан ашылған мешіттердің атауларына қатысты даулар да басталды. Ашылғанына бірнеше жылдың жүзі болса да, атауы әлі бір тоқтамға келмеген сондай мешіттің бірі Успен ауданындағы Ұрық мешітіне қатысты. Құжат жүзінде Успен мұсылмандар мешіті деп рәсімделгенімен, мешіттің маңдайшасында Ұрық мешіті деп жазылған. Жұрттың бір бөлігі осы атаумен қала берсін десе, ендігі баз бірі «Ұрық деген аттың өзі естір құлаққа ұят, өзгерту керек» деген пікірде. Осы Успен мұсылмандар мешітінің тарихына көз жүгірткенімізде, бұл мешіт бертінде салынғанымен, бұл жерде ХХ ғасырдың басында осы өңірде медресе мен мешіт болғанын білдік. Оны кезінде Ұрық болысы атанған осы жерде мешіт пен медресені қатар ұстап, бала оқытқан Әбдірахманов Әубәкір қажыдан Кеңес өкіметі тартып алған. Сексенге келген қария 1937 жылдың 25 желтоқсанында абақтыға жабылды. НКВД-ның «діннен бас тартсаң, жібереміз» дегендеріне: «Сақалымның ағында, өлерімнің шағында Алла алдында күнә арқаламаймын», – деп жауап беріпті. Ақыры қажы 1938 жылдың 2 қаңтарында «алашордашыл» деген жаламен атылған. Содан кейін «дін – апиын» деген заман туып, алағай да бұлағай шақты өткердік.

Осы Успен мұсылмандар мешітінің ашылғанына бір қолдың саусағы да тола қоймайтын жылдар өтіпті. Ал мешіт атауына байланысты жұртшылық әлі бір ауызды пікірге келе қойған жоқ. Бірі «мағынасы көмескіленген ауылдарымыз бен елді мекендеріміз қаншама» десе, енді бірі «Алланың аты ауызға алынатын Жаратқанның үйіне осы Ұрық деген атау жараса қоя ма екен? Осыған бір нүкте қоятын мезгіл жеткен сияқты, – дейді.

Оразов Керімхан ЖАРЫЛҒАСЫНҰЛЫ:
Успен ауданының бас имамы:
– Негізі, «ұрық» деген сөздің мағынасын көп адамдар түсінбейді. Менің өз ойымша, бұл атаудың мешітке еш қатысы жоқ. Құжат жүзінде Успен мұсылмандар мешіті деп аталғанымен, жұрт Ұрық мешіті деп атап кеткен. Бұл ат сырттан келгендердің құлағына түрпідей тиетіні де рас. Біз биыл жазда кең отырысты басқосу жасап, атауын өзгертейік деп отырмыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста