Қарағандыдағы Мемлекеттік техникалық университетте оқитын студенттердің ата-аналары үшін балаларының сабақ үлгерімі мен университет өмірінен тұрақты ақпарат беріп тұратын жаңа жұмыс әдісі жүзеге асырыла бастады. Енді ҚарМТУ ұжымы ата-аналарға электронды пошта арқылы тұрақты хат жолдап тұратын болады.
Бұл хаттарда студенттердің сабаққа қатысу деңгейі, жалпы үлгерім, сынақтар, студенттің сессияны тапсырған-тапсырмағаны туралы ақпарат-есеп беріліп отырмақшы. Соңғы үш-төрт жыл көлемінде оқу процесі несиелік технология арқылы жүргізілетін ҚарМТУ ұжымы бұл қадамға оқу сапасын көтеру үшін барып отырған сыңайлы. Қазір аталмыш жоба өз жемісін бере бастаған сияқты.
Бақыт СҰЛТАНОВА, ҚарМТУ ақпараттық технологиялар факультетінің деканы:
– Бір сынақты қайыра тапсыру үшін 14 000 теңгеден бастап ақша төлеу қажет. Бұл студент үшін аз қаражат емес. Осындай келеңсіздіктерді студент ата-анасы білмей де жатады. Осы мақсатта университет ата-аналарға бүкіл жағдаятты жеткізіп отыру үшін аталмыш әдісті жүзеге асыра бастадық...