Отандық танымал тележүргізуші Әсел Ақбарова алғаш рет ақтарыла сұхбат беріп, өзінің жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты. Үш баласын жалғыз өзі асырап отырған ақпарат өкілі бүгінде сүйіктісін жолықтырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әсел Ақбарова ғашығы туралы жан сырын "Папарацци" бағдарламасында ақтарды. Тележүргізуші ұнататын азаматы бар екенін мойындап, ол туралы қызықты мәліметтермен бөлісті.
"Ұнатып жүрген ер азаматым бар. Мәдениетті, ақылды, көзі ашық. Сосын ең бастысы әйел адамға құрметпен қарайды. Жомарт. Қалай ұнатқанымды өзім байқамай қалдым", - деді журналист.
Ақбарованың сөзінше, сүйіктісі өнер саласында емес. Актриса оның кім екенін нақты айтудан бас тартты. Ол әзірге қарым-қатынасы туралы қалың көпшілікке жария етуге дайын емес екенін алға тартты.