Ұлы ақынның ұрпағы өмірден өтті

Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының шөбересі Ғазел Жағыпарқызы Мағауина ақпанның 5-і күні 85 жасқа қараған шағында дүние салды.
Марқұмның сүйегі ақ­пан­ның 7-сі күні түс ауа по­йызбен Алматыдан Се­м­ей­ге әке­лін­ді. Кеше таң ­сә­ріден Абайдың «Жи­де­бай-Бө­рілі» мем­ле­кеттік та­рихи-мәдени жә­не әде­би-мемориалдық қо­рық мұ­ражайының ал­дында ел сыйлар асылдың сы­ны­ғы Ғазел Жа­ғыпар­қы­зын соңғы сапарға шы­ға­рып салу рәсімі өтті.
Қаралы митингіге қа­ла­ның басшысынан бас­тап, зиялы қауым өкілдері, қала тұр­ғын­­дары мен марқұмның туыстары қа­тысты. Ғазел ананы көзбен көріп, оның іл­­типатына бөленген ел ағалары ақын ұр­па­ғын бір сәт сағына еске алды. «Таңның өзі әр­түрлі атады ғой. Ғазел де таң алдында дү­ниеге кел­ген болатын. Міне, күн шығып бол­мағанда дүниеден өтіп бара жатыр. Бү­гін­гі қаза – қазақтың қазасы, ұлт­тың қа­за­сы», – деді абайтанушы Төкен Ибра­ги­мов.
Ел ағалары ақын ұрпағы жайлы біраз ес­теліктер айтты. Марқұмның туыстары тірі ке­зінде көзінің қара­шы­ғындай сақтап, өсиет етіп кеткен қолдан тоқылған кілемді мұ­ражай қорына ескерткіш ретінде тап­сыр­ды. Бұл да асылдың сынығының соңғы аманаттарының бірі екен.
Бұдан кейін Абай мұражайының ал­­дын­да мұсылмандық жолмен асыл ана­ның жаназасын шығару рәсімі өт­ті.
Қоштасу сәтінен соң марқұмның сүйегі Шың­ғыстау жеріне жөнелтілді. Абайдай дана да дара ақынның шө­бе­ресі көзі ті­рі­сін­де ет жа­қын­да­рына Құнанбай ұрпақ­та­рының жанына, Ақ­шоқыға жерлеуді ама­нат етіп тап­сырыпты. Сол жерде Ғазел Ма­ға­уи­наның әкесі де жерленген.
Ғазел Жағыпарқызы 1926 жылы Шың­­ғыс­тауда дүниеге келген. Әкесі Жа­­ғы­пар – Абайдың Ділдә деген бәй­бішесінен ту­ған Мағауияның ба­ласы. Ғазел Жа­ғы­пар­қызы әкесі қай­тыс болған соң (1934), Семей, Шым­­­кент, Арыс, Алматы қа­ла­ла­рын­да мектеп-интернатта оқып, тәр­бие алады. Он­жылдық мектепті бі­тір­­ген соң, 1948 жылы М.Әуезовтің ке­ңе­сімен Қазақ мем­ле­кеттік универ­си­­те­тіне оқуға түсіп, 1952 жы­лы ой­да­ғыдай аяқтайды.
Ол алғашқыда мұғалім болып қызмет іс­тейді. Кейіннен Алматыдағы «Қазақ­фильм» киностудиясында еңбек етеді. Қа­зақ киносы тарихы мұ­ра­жайын басқарған. Ға­зел Жа­ғы­п­арқызы бірнеше мемлекеттік бел­гі­лермен марапатталған. Қазақ ки­но­сы­ның ардагері.
Ол Абай Құнанбайұлының өмірі мен мол мұрасын зерттеуге көптеген үлес қо­сып, ғалымдарға талай мағлұмат беріп кет­ті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста