ҰЛТТЫҚ КҮЙ АКАДЕМИЯСЫ… ұлан-ғайыр іс тындырар еді

Осыдан біраз бұрын белгілі өнер қайраткерлерінен құралған ынталы топтың қазақтың дәстүрлі музыкалық антологиясын шығару ісін қолға алғаны мәлім болды. «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні» деген атаумен жарық көретін аталмыш антология жұртшылықтың қолына Тәуелсіздік күні қарсаңында тиетін көрінеді. Осы орайда халқымыздың көне күйлері мен әндерін зерттеп, жинақтау үшін ғылыми топ Моңғолия, Қытай, Түркия, Ресей елдеріне экспедиция жасамақ. Сондай-ақ бұл жобада Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина тәрізді басқа да дарабоздарымыздың мұралары жеке-жеке жазылып, домбыра, қобыз, сыбызғы күйлері жіктеле топтастырылады.

Әрине, өте құптарлық жайт. Өйткені есте жоқ ерте замандардан жалғасып келе жатқан осынау киелі өнерді келешек ұрпаққа жеткізу, бояуын солғындатпай, бағасын түсірмей, ертеңге жалғау – бүгінгі буынның бірден-бір борышы. «Күй – тәңірдің күбірі» деген жалғыз тұжырымнан-ақ ата-бабаларымыздың аталмыш өнерге қаншалықты мән бергенін аңғаруға болады. Өкінішке қарай, дәл қазіргі уақытта біз осынау қасиетті өнердің қадіріне жете алмай жүрміз. Рас, танымал күйшілеріміздің соңғы үлгідегі дискілері шығып, талантты орындаушыларымыз күй өнерін дүниенің төрт бұрышына түгелдей танытуға мейлінше күш салып та жатыр. Дегенмен «сазды айырар – құлақ, сұлулықты айырар – көз» демекші, жалпы, қазақ қауымының өзі бүгінде күйді түсінуден, қабылдаудан қалып бара жатқан сияқты. Мұның сыры – көпшіліктің эфирден де, күнделікті өмірден де жеңіл-желпі әуендерді көп тыңдап, соған әбден еті өліп кеткендігінде. Бір жағынан, кешегі Әбікен Хасенов, Қали Жантілеуов, Мағауия Хамзин, Төлеген Момбеков, Нұрғиса Тілендиев тәрізді табиғи тума таланттар тапшы. Шындығында, орындаушылық техникасы мықты жақсы домбырашылар бар. Бірақ Секен Тұрысбеков айтпақшы, «кереметтей үн жоқ. Дыбыс іздеуге талпыныс байқалмайды. Жастардың көпшілігі естігені бойынша зырылдатып, бір сыдырғы ойнап шығады. Бәрі біртектес, тура робот секілді». Міне, күйдің тыңдарман көңіліне қонбайтыны, көптің жанын баурамайтыны сондықтан. Негізі, күйді де жүрекке салу керек. Бұл ретте ұлы Абай: «Ойлы күйді тыңдағанда — ақылдының сөзіндей», – десе, дана халқымыз: «Ән айта алмаған абалайды, домбыра тарта алмаған сабалайды», – дейді. Бұдан артық не айтуға болады?..
Секен Тұрысбеков: «Күйге жақсы клиптер түсірілсе, жастар күйді бірден алып кетер еді. Онда да атпен ары шауып, бері шауып емес... Күйдің ішкі иіріміне, бояуына, жалпы болмысына қарап отырып, «мына жерінде не айтқысы келген» деген сұрақтарға жауап іздеп, тактілеріне үндестіре, сәйкестіре отырып тыңдатса, тыңдарман тарапынан «күйді түсінбейміз» деген әңгіме айтылмас еді», —  деген пікірде. Жастардың бетін күйге бұру үшін кезінде ол «Көңіл толқынына» клип жасаған екен. Бірақ бұл жерде де мәселе қаржы-қаражатқа келіп тіреледі. «Әлгі клипті эфирден күнде жіберіп отыру үшін ай сайын пәленбай мың доллар төлеп отыруым керек екен. Ал менің өз дүниемді өйтіп насихаттағым жоқ. «Халыққа керек» дейтін болса, әрі-беріден кейін оны менен теледидардың өзі сатып алып, көрсетуі керек», – дейді күйші-композитор.
Күй өнері тұрғысындағы тағы бір түйткіл партитура мәселесіне қатысты. Қазір облыс, аудандарды былай қойғанда, ауыл-ауылдың өзінде оркестрлер бар. Жоқ дегенде ансамбльдер құрылуда. Бірақ әндер мен күйлердің партитурасы тапшы. Үлкен оркестрлеріміздің өзі әлі күнге дейін қолмен жазылған қағазға қарап ойнайды. Осы жағдайдың өзі – намысқа тиетін-ақ нәрсе. Секен Тұрысбековтің айтуынша, бұл жердегі мәселе — мынада, яғни «әрбір күйді оркестрге түсірудің өзіндік құны болады. Сонымен айналысқан адамның еңбегі бағалануы керек. Мәдениет министрлігі тарапынан бұл арнайы реттеліп, қаржылық жағы белгіленуі тиіс. Себебі бізде таспаға түсірілмей жатқан дүниелер қаншама?! Бір концерттің өзінде орындау үшін кемінде 20-25 шығарма қажет. Бұл мәселеде кез келген облыс, кез келген аудан көлеміндегі оркестрлер қатты қиналып жатады. Осы жағынан алғанда, жалпақ жұрт тегіс сусындайтын рухани азық болуы керек. Сондықтан біз өзімізде бар дүниені жарыққа шығарып, ортаға салуға тиіспіз. Қызғанышпен астыға басып отырғаннан ештеңе ұтпаймыз».
Күйді жинау мен жарыққа шығару барысында ескерер бір жайт – көне мұраларымызды дұрыс елеп-екшеу мәселесі. Секен Тұрысбековтің бұл реттегі уәжі: «Тыңқылдаған дүниенің бәрі — күй емес. «Көне сарын» екен деп, не нәрсені болсын талғамай қабылдай беруге болмайды. Қай-қайсысын да формасына келтіріп, мүмкіндік болса, жаныңнан қосып, байытқаның абзал. Қатып қалған дүние жоқ. Күйдің бойынан сұлулық ізде. Ол адамның жанын жылытатын болсын. Белгілі бір нүктесіне әсер етсін. Күйдің құдіреттілігінің өзі — осында...»

Бір пікір
Секен ТҰРЫСБЕКОВ, күйші-композитор:
– Негізі, қазақтың өзінің ұлттық күй академиясы болуы керек. Оның болмауы – түптеп келгенде, ұлтқа ұят. Батысты насихаттай бергеннен үлкен жетістікке жете қоймаймыз. Тек қана ұлттық өнермен ұтамыз. Сол үшін эксперименттер болуы тиіс. Осы орайда ұлттық аспаптардың диапазонын кеңейтіп, оқыту, халық шығармаларын тереңдеп зерттеп, оркестрге лайықтау ісімен айналысу, халық әндері мен күйлерінің партитураларын шығаруға, оларды компьютерге түсіруге бас-көз болу – кезек күттірмес міндет. Онда да бәрінің басын қосып, том-том етіп емес, әрқайсысын жеке-жеке шығару қажет. Топтама кітаптар кітапханаларда тұруға лайық. Ал дирижердің, оркестр мүшелерінің жұмысына әндер мен күйлердің жеке болғаны қолайлы...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста