Жақында Ғалымдар үйінде Жетісудың жыр-термесі шырқалды. «Кербез Жетісудың кермарал әуендері» деген кешті өткізген – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабырғасында тәлім алып жүрген Әйгерім Нартүйеева, Гүлім Алшынова, Мақпал Тоқтағанова сынды қазақтың жезтаңдай үш қызы.
Ә, дегеннен кеш тізгінін қолына алған белгілі сатирик Толымбек Әлімбекұлы: «Қазақ қыздары қашан да өжет. Құртқа, Ұлбике, Әлия, Мәншүктерден жалғасқан ержүректік мінезбен бүгін қаршадай ғана үш қыз тырнақалды концерт беруге ниеттеніпті», – деп бастады.
Ақын-жазушылар жер жәннатына балаған Жетісудың табиғаты қандай көркем де сұлу болса, бұл өлкенің әндері де сондай әдемі әрі назды. Иірім-қайырымы айтуға жеңіл, құлаққа жағымды естілетін кермаралдай керілген сұлу мекен әндері қыздардың санасында бала күндерінен сайрап тұр. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабырғасында тәлім алып жүрген Әйгерім, Гүлім, Мақпалдың ән әлеміне қанат қағуы кездейсоқ емес. «Жан серігім – домбыра» деп бес-алты жасынан ән айтқан қыздардың ауылда туып-өсуі ұлттық өнерді бойына сіңіруіне сеп болған.
Ұлттық музыкаға қолғабыс етіп, әнші қыздардың алғашқы қадамдарына сәттілік тілеген Ғалымдар үйінің директоры, ұлттық өнердің жанашыры Ғайникен Бибатыроваға әншілердің айтар алғысы шексіз. Әділбек Тәшімов пен Жігер Бертісов құрбыларының кешін күй тартыспен дүрілдетсе, Ерлан Рысқали әннен шашу шашты.
Ұлттық әуенге ұйытқан үш қыз
Последние статьи автора