Ұлттық әуенді ұлықтаған «Ұлытау»

2001 жыл. Голливуд. Музыкалық орындаушылардың дүниежүзілік чемпионаты. Әлемнің 86 елінен үздіктер жарысқа түскен «аламан бәйгеде» қазақтың үкілеген тұлпары – «Ұлытау» желдей жүйткіген күйі шашасына шаң жуытпастан мәре сызығын бірінші болып кесті. Күтпеген жерден Гран-при мен Алтын медаль Қазақстанның қанжығасына байланғанда, алғашқы болып үйренген алпауыт елдердің ауыздары аңқиып «қазақ деген елден де осындай өнерпаздар шығады екен-ау!» деп таңғалды. Содан бері сегіз жылдың ішінде талай белестерді бағындырған «Ұлытау» енді Еуропа елдерін аралап концерт беруге бел шешті. Баспасөз күні қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізген топтың «әкесі» Қыдырәлі Болманов осы жаңалықты жария етумен қатар, журналистердің мерекесіне тарту ретінде «Ұлытаудың» сапарға аттанар алдындағы соңғы концертін берді.

Ресми конференция емес емен-жар­қын әңгімені жөн көрген Қыдырәлі Болмановқа жан-жақтан баспасөз өкіл­дерінің сұрақтары жауды.
– Сіздер таяуда «Ақжелең» күйіне клип түсірумен қатар, бір фильм­ге саундтрек жазды деп естідік. Осы жа­ңалықты тар­қатып айтып берсе­ңіз...
– Ресей мен Қазақстан бірігіп түсірген бұл фильм «Прыжок Аффолины» деп аталады. Фильмге арнайы саундтрек жа­зуға бізге қолқа салды. Біз әрине қуана қабылдап, «Ақжелең» деп аталатын жаңа композиция жазып шығардық. Және жай жазып қана қомай бір оқпен екі қоян атуды көздеп, жаңа туындыға клип те түсіруді ұйғардық. Ол жұмыс бүгінде бітуге таяу. 15-20 пайыз жұмысы ғана қалды.
– Еуропаға нақты қандай да бір кон­церттерді көздеп бара жатырсыздар ма, әлде оны барған соң барып ұйым­дастырасыздар ма?
– Осыған дейін бізді көптеген әлем ел­дері түрлі байқауларға және диск шы­ға­ру­ға өздері шақырып келсе, бұл жолы біз өзі­міз тәуекелге бел буып, үлкен арман жетегін­де аттанып барамыз. Ең әуелі шіл­де­нің 17-сі күні Франкфурт қаласында біздің дискіміздің тұсаукесері өтеді. Сон­дай-ақ 18-і Германияда үш күнге созыла­тын үлкен фестиваль болғалы жатыр. Біз сонда әлемнің көптеген елдерінен келген атышулы рок группалармен қатар бәсеке­ге түсеміз. Содан кейін шілденің соңына таман Испания мен Францияға аттанатын бо­ламыз. Ал қалған күндері қарап жат­пай өзіміздің жинағымызды сатудың мар­кетингтік жұмыстарымен айналысуды жос­парлап отырмыз.
– Сіздерге арнайы қаржы бөлінді ме? Қаржыландырушылар кімдер?
– Өз еңбегімізбен тірнектеп жина­ған қаржымызға ғана сеніп кетіп ба­ра­мыз. Демеуші де, продюсер де өзім. Қор­жынымызда жеңіп алғанымыз бар, дискіден түскені бар бас-аяғы 400 мың­дай АҚШ доллары бар. Бұл біздің Еуро­пада жүріп-тұруымызға, сол жақтан ме­­нед­жер­лер жалдауға жете­тін шығар де­ген үміттеміз. Егер бізді қаржы­лан­ды­рамын деген ұлтжанды азаматтар бол­­са, қуанамыз. Себебі бізді барған жа­ғымызда нағашыларымыз күтіп отырған жоқ (күлді).
– Бас-аяғы оншақты жылдың ішінде Қазақстанды айдай әлемге танытқан «Ұлытаудың» әлі күнге бірде-бір ата­ғы жоқ. Сіз қазір министрлікте отыр­сыз. Қол­да барда қонышынан басып, осы топқа атақ әперуге болмай ма? Оған ешкім «неге бұлай етті?» деп на­разы болмас еді, қайта қуанбаса...
– Ол атақ менің өзімде де жоқ. Жалпы, солай болғаны да дұрыс шығар? Себебі атақ қуып, соның соңында жүруге бізде тіпті уақыт та жоқ. Оның ешнәрсеге қажеті де жоқ. Атақтан өсіп, атақтан байып кеткен ешкім де жоқ. Біз оны алсақ та, алмасақ та әрқашан осы қалпымызда қаламыз.
– Сіздердің топта қазақтың ұлт­тық ас­пап­тарынан тек домбыра ғана бар. Соның қатарына қобыз неме­се басқадай да бір аспапты қосу жос­пар­да бар ма?
– Жоспарға енгізудің ешқандай қиын­дығы жоқ, тіпті бүгін-ақ қосуға болады. Бірақ ол үшін біз аяғымыздан тік тұрып, әлем тыңдайтын топқа айналуымыз шарт. Бір жағы Еуропаға да бүгінгі жаһан жұрт­шы­лығына қандай музыка керектігін бай­қап, тамырын басып көруге аттанып барамыз. Өйткені оларда өзгешелік өте көп. Бір ғана мысал бізде клип түсіріп, кез келген телеарнаға ақшасын төлесең, қа­лағаныңша айналдырып көрсетеді. Ал ол елдерде ақшамен ғана бір жетістікке жету деген мүм­кін емес. Дейтұрғанмен се­нің жасаған дү­ниеңді ұнатып, алатын бол­са, керісінше саған әр көрсеткен, ра­дио­толқында әр ай­нал­дырған сайын өнер иесіне ақы төлейді. Еуропаның менедж­мен­ті мүлде бөлек, біз соны меңгеруге ба­ра жатырмыз.
– Еуропаға турнелеріңізді қанша уақыт­қа жоспарлап отырсыздар?
– Қазіргі уақытта үш айға виза ашып бер­ді. Негізі, 6 айға жоспарлағанбыз, бірақ бізді шетелде қалып қояды-ау деп қорықты ма, ондай уақытқа рұқсат бермей қойды. Дегенмен біз ары қарай жылдап қаламыз ба, жоқ жұмыстарымызды осы үш ай ішінде бітіріп қайтамыз ба, оны істің барысында байқап көреміз.

Түйін
Баспасөз өкілдерімен бір са­ғат­қа жуық сөйлескеннен кейін жур­на­листерге ме­ре­келік дастарқан жайы­лып, «Ұлытау», Қарақат және Қы­дырәлі Болмановтың өзі жур­на­лис­тердің құрметіне жанды дауыста концерт қойды. Жиналған қауым ұлт на­мысын ұлықтайды деген үкі­лі үміт­пен «Ұлытауды» шығарып салды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста