Уәйісті ұмыта бастағанымыз ба?

Уәйісті ұмыта бастағанымыз ба?

Заманында Абай атамыздың маңайына өз жанынан өлең шығаратын талантты жігіттерді жинап, ақындыққа баулығанын білеміз. Шәкәрім, Әріп, Уәйіс, Көкбай, Әсет, Ақылбай, Тұрағұл, Кәкітай сынды қазақтың біртуар азаматтары қазақтың бас ақынының тапсырмасымен көкірегінен талай жыр құсын ұшырған. Қанаттарын қатайтып, ақындықтың қыр-сырын меңгерген. Абайдың осы ақын шәкірттерінің бірегейі Уәйіс еді. Шондыбайдың Уәйісінің ақындығынан бөлек, жезтаңдай әншілік, домбырашылық, сазгерлік өнері болған. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында бір-ақ сөйлемде кездесетін Уәйіс – негізі Шұбартау өңірінің тумасы. Өз жерінде ел жуандарының тепкісін көрген бозбала 13 жасында Абайдың шақыртуымен Шыңғыстауға кетеді. Ол туралы өзінің «Бозқараған» атты әнінде:
– Басында Шұбартаудың боз бетеге,
Бақанас, Байқошқарға жер жете ме?
Тағдырдың талқысынан кезіп жүрмін,
Әйтпесе туған жерден ер кете ме, –
деп жырлайды.
Бүгінгі таңда Уәйістің шығармашы­лығын зерттеп жүргендер саусақпен санарлықтай аз ғана. Десек те, «Абайдың ақын­дық мектебін» зерттеп, Абай мұрасына бар өмірін арнаған абайтанушы марқұм Қайым Мұхаметханов атамыз «Абайдың ақын шәкірттері» атты жинағында Уәйіс шығармашылығына ерекше тоқталып, «Абай заманында ең көп өлең жазған – Уәйіс» деп жазған. Орыстан аударған «Иванушка – дурачок» ертегісі, «Жошы-Алашахан», «Тәуке мен Жікібай» поэма­ларына қарап, Уәйістің қарымды ақын болғандығын танимыз. Алайда Уәйістің өзі «мені ақын да, композитор да деп айтпаңдар. Мені әнші десеңдер, бол­ды» деген екен. Шындығында, «Уәйіс талайды бұлбұл үнімен тамсандырған керемет әнші болған» деседі Қарауыл жұртшылығы. Абай елінен шыққан белгі­лі әнші, жазушы Жәнібек Кәрменов – Уәйіс Шондыбайұлының «Перуайым», «Боз­қараған», «Ақбөкен» әндерін нақышына келтіре орындаған адамның бірі. Абай негізін салған ақындық мектептің түтінін түтетіп, дарынды ұл-қызға тәлім-тәрбие беріп отырған Шыңғыстаудың белді ақыны Төлеген Жанғалиевқа бірге оқып, бірге өскен досы Жәнібектің қалдырған екі аманаты бар. Ол – Абайдың шәкірттері әнші Әлмағамбет пен ақын Уәйістің зиратын көтеріп, басына белгі қою. «Әлмағамбеттің басына ел болып мазар тұрғыздық, ендігі мақсат – Уәйістің жат­қан жерін тауып, соған белгі қою. Жәні­бектің айтуынша, Уәйіс Қарауыл төбедегі молалардың күнгей бетіндегі бір төбешікте жатқан көрінеді. Бірақ ауыл халқы «Уәйіс Жидебай жақтағы Би ата (Кеңгірбай би) жатқан жерде жер­ленген» дейді. Көр­­ген-білгені көп Жәні­­­­бек­тің пікірі шын­­­дық­­қа жақын», – дей­­ді Төле­ген аға.
Ал әнші-ақынның кіндік қаны тамған Аягөз ауданының әкі­­мі Нұрғали Тілек­қалиұлының мұрын­дық болуы­мен, өткен жылдың соңын­да Уәй­­іс Шон­дыбайұлы атын­­дағы дәстүрлі ән бай­қауы мен мүш­әйраның өткен­ді­гін бі­ле­міз. Сол бас­та­ма­ны тастамай, жыл­да қолға алуды аудан әкімі жоспарға енгізіп отыр. Қазақтың маңдайына біткен өнер саң­лағы көп ұзамай өскелең ұр­пақ аузында жүретіндігіне бек сенімдіміз. Шын талант­тың «өзі өлсе де, сөзі өлмейді» деген осы болар!

Бір дерек
Шыны керек, Уәйіс есімін осы күні Абай мұрасымен жете таныс әдебиет өкілдері, Шыңғыстау, Шұбартау жұртшылығы мен дәстүрлі әншілер ғана біледі. Бірнеше томдық кітапқа татитын еңбегі әлі де толық зерттеліп, баспа бетін көрмей жатыр. Қайым Мұхаметхановтан кейін Уәйіс шығармашылығын зерттеуге ғұмырының 44 жылын арнаған өлкетанушы ғалым Өкітай Ахметов бірер жыл бұрын «Уәйіс» деген атпен ақынның елге беймәлім шығармаларын жариялады. Енді Өкітай аға Уәйіс әншінің басына белгі қою мәселесі мен оқырманға жетпеген ақын мұрасының басын тағы бір жиыстырып беруді мақсат етіп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста