Тұрсынбек Қабатовтың жаңа жобасы (фото)

Тұрсынбек Қабатовтың жаңа жобасы (фото)

Еліміздің ең үздік әзілкеші Тұрсынбек Қабатов «Қазақстан» телеарнасындағы жаңа «Көңілашар» жобасының продюсері болмақ, деп хабарлайды телеарнаның баспасөз қызметі.
Жобаның әрбір бағдарламасында күлкілі монологтар, жақсы әндер мен мың бұралған бишілердің өнері көрермен назарына ұсынылмақ.

«Көңілашар» жобасының ұйымдастырушылары қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін көрермендерге әзіл арқылы жеткізбек.

Еліміздің ең үздік әзілкеші Тұрсынбек Қабатов бастаған бағдарламаның бір топ қатысушылары жалпы адамзатқа тән құндылықтарды насихаттайды.

Жобаның продюсері, әрі жүргізушісі Тұрсынбек Қабатов өз жобасы жайында: «Бұл бағдарлама көрермендерге әзіл мен мысқыл арқылы маңызды мәселелер туралы ой салады. Елімізде танымал әзілкештер жоқтың қасы. Біздің көрермендер үшін жаңа бағыттағы әзіл қажет. Сапалы әзілдердің аз болуына байланысты, көрермендеріміз шетелдік телеарналарға ауысуда.

Бағдарламамызда Қазақстанның түкпір-түкпірінен халық арасынан шыққан үздік әзілкештерді таңдаймыз. Олар бұл өнерді театрдан меңгерген жоқ, кәсіби әртіс те емес. Қазақстанның барлық өңірлеріне барып, кастингқа қатысқан үш жүз адамның ішінен жүз жиырма адамды іріктедік. Іріктеуден өткен адамдар «Қазақстан» телеарнасының эфирінде жеңіс үшін бақ сынасатын болады. Финалға жобаның үздік бес қатысушысы шығады және олар «Әзіл әлемі» театрының резиденттері атанады. Бұл бастамаға «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова ұсыныс жасап, осылайша біз «Көңілашар» атты жобаны жасадық», - дейді.

Бағдарламада бірнеше айдар болады, олар: «Актерлік шеберлік», «Импровизация» және т.б. «Актерлік шеберлік» айдарында қатысушылар өздерінің әртістік шеберлігін көрсетсе, «Импровизация» айдарында олар өздерінің жедел ойлауын және күрделі жағдайлардағы тапқырлығын көрсетеді. Қатысушылардың өнерін Көңілді тапқырлар отауының (КВН) жұлдызы - Құмар Лұқманов, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының халық әртісі - Сайлау Қамиев, сондай-ақ «Әзіл әлемі» театрының директоры және әртісі - Тұрсынбек Қабатовтан құралған әділ-қазылар алқасы бағалайтын болады.

Еліміздің ең күлкілі адамдары көрермендердің көзайымы және «Көңілашар» бағдарламасының жеңімпазы атану үшін күресетін болады. «Көңілашар» бағдарламасын «Қазақстан» телеарнасының эфирінен 5 қазаннан бастап дүйсенбі-бейсенбі аралығында сағат 23.35-те тамашалаңыздар. 

ҚазАқпарат

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста