Тұрсынбек Қабатовтың қызына байланысты жаңа деректер шықты

Тұрсынбек Қабатовтың қызына байланысты жаңа деректер шықты

Танымал заңгер Абзал Құспан әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Аманғалидың орнына ҰБТ-да тест тапсыруға басқа адам кіргенін мәлімдеген болатын.

Әлеуметтік желі қолданушысы Айбол Құлан аталмыш іске байланысты жаңа деректерді жариялады.

«Біреу білер, біреу білмес. Бірақ бұл мәселе (ҰБТ-ға біреудің орнына жалған куәлікпен кіру) ҰБТ болып жатқан кезде болған. Кімнің қызы екені ол кезде ашық айтылмаған соң мұндай резонанс болмаған еді.

Қылмыстық іс қозғалып, сотқа да жіберіліп қойған.

Кеше ғана грант нәтижесі шықты. Бүгін Абзал Құспанның мәлімдемесі балалары оқуға түсе алмай қалған ата-аналардың ызасын тудырғаны анық. Иә, заң алдында бай бол, кедей бол бәрі тең болу керек.

Тұрсынбек “санамыздағы ақауды” тағы бір көрсеткендей. Бірақ, бұл жолы әзілімен емес, ісімен. Ақылы оқытуға ақшасы жетіп тұрса да, “атақ” үшін ардан аттауға дайын тек ол ғана емес. Біразымыз реті келсе “мемлекетті иемденіп” қалуға тырысамыз. “Заманын түлкі болса, тазы болып шал” деп ақтаймыз ол тірлігімізді. Осыдан екі жыл бұрын тек ақшалылар ғана емес, екінің бірі ҰБТ-ға телефонмен кіретін. “Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді” деген осындайда айтылса керек. Соңғы екі жылда жағдай түзеліп келе жатыр. ҰБТ 100% болмаса да, 98% әділ өтті деп айта аламын. Бұл үлкен жетістік» деп жазды А.Құлан.

kznews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста