Тұрсын Алагөзовтің қызы Амина Марат атасы Тұрым Алагөзовтің үстінен сотқа берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы соттың сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
10 тамыз күні бойжеткен Тұрым Алагөзовті пәтерден қуып шығуды талап етіп, сотқа шағым берген.
Шағым Медеу аудандық сотына келіп түсті. Сот анықтамасына сәйкес, пункттердің бірінде екі тараптың келісімге келуіне көмектесу сөз етілген.Айта кетсек, Тұрым Алагөзов желі парақшасында оның пәтерін тартып алуы мүмкін екенін жазған болатын.
Амина Мараттың өзі болса, ата-анасы ажырасқаннан кейін тегін ауыстырып жіберді.
Еске салсақ, бұған дейін Тұрсын Алагөзов сот шешімімен Әл-Фараби даңғылындағы элиталық пәтерінен қуылған болатын.