Түркiге ортақ Қоңыр

Кезiнде Кеңес өкiметiнiң қызыл саясаты қаһарына мiнiп, билiгiн жүргiзiп тұрған тұста «Социализмнiң ақыры таяп қалды» деген пiкiрiн ашып айтқан Түркi әлемiне ортақ тұлға, бiлгiр ғалым Иштван Қоңыр Мандоккидiң туғанына биыл 65 жыл толды. Бар ғұмырын түркi халықтарының түп-тамырын зерттеп, көкбөрi ұрпағының ынтымағы жолында ақыл-бiлiмi мен күш-жiгерiн сарп еткен бекзат тұлға 48 жасында дүниеден өтiп кеттi.


Қоңыр есiмi қазаққа етене таныс. Мажарстанда туылған тегi қыпшақ оғлан Ұлы дала тарихына үңiлiп қана қоймай, өзгелердiң түбi бiр түркi дүниесiне деген көзқарасын өзгерттi. Он екi жасынан бастап өз бетiмен қазақша үйренген ол өзге де жетi тiлдi жетiк меңгерiп, еңбектерiнде қазақ тарихына ерекше мән берген. «Қазақ тiлi – түркi тiлдес халықтардың iшiнде қаймағы бұзылмаған таза, аса бай тiл» – дегендi алғаш айтқан да Иштван Қоңыр болатын.
Ал осыдан бiраз жыл бұрын iрi ғалымға арналған үлкен бiр конференцияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қоңыр екi халықтың арасындағы ұлы тарихи қандастықты жан-жақты дәлелдеп қана қоймай, ел мен елдiң бiрлiгi, ортақ мәдениеттiң гүлденуi, өзара қатынастардың кемелденуi жолында аянбай еңбек еткенiн қазақ халқы мақтанышпен жадында сақтайды, үлгi-өнеге тұтады» – деп айрықша атаған болатын.
Иштван Қоңыр Мандокки –түркiтану ғылымындағы айтулы тұлғалардың бiрi. Ол Еуропадағы құман-қыпшақтар мен түркi ұлыстары арасындағы тарихи-мәдени тамырластықты зерттеу мәселесiн сапалық жаңа биiкке көтере бiлген зерделi ғалым,түркi халықтарының әдебиетi мен фольклорын тәржiмелеуде, зерттеп, насихаттауда қыруар еңбек сiңiрген қайраткер. Қоңыр сонау 1965 жылдан бастап өмiрiнiң соңына дейiн Шығыс Еуропада Балқаннан бастап, Орта, Кiшi, Кiндiк Азия және Алтай, Памир, Орал, Орхон бойына дейiн жүрiп өтiп, үлкен зерттеу жұмыстарын жазды. Ғалым өз еңбектерiнде Түркi әлемiнiң интеграциялану идеясын үнемi жеткiзiп отырды.
Бүгiнде қоңыр қасиеттiң иесi Қоңырдың екiншi өмiрi – Мәңгiлiк ғұмыры басталды. Алты Алашқа демi бiткенше қызмет еткен тұлғаның сүйегi өз өсиетi бойынша, қазақ топырағында – Алматыдағы Кеңсай зиратында жерленген.
Қоңырды есте қалдыру, оның бай мұраларын игеру барысында елеулi шаралар атқаруды күллi түркi әлемi ден қоя, қолға алуы керек.
Осы орайда Алматыдағы Иштван Қоңыр атындағы № 154 мектептiң бастама көтеруiмен Халықаралық Түрiксой ұйымы мен Халықаралық түрiктану орталығының қолдауымен Бiрiншi Халықаралық «Қоңыр оқулары» атты арнайы ғылыми-тәжiрибелiк шаралар өз жұмысын бастады. Бұл шараға алыстан ат терлетiп келген ағайындардың арасында Түркия, Мажарстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан, Дағыстанның белгiлi ғалымдары мен қаламгерлерi, Қазақстандағы шетел елшiлiктерiнiң өкiлдерi мен дипломаттар қатысты. «Қоңыр оқулары» аясында түрiктанудан жас тарихшы ғалымдар арасындағы ғылыми жобалардың жарысы өттi.
Бұл игiлiктi iстерге мұрындық болған азамат – Мажарстан қыпшақтарының тарихы мен Иштван Қоңырдың өмiрiн, ғылыми жұмыстары мен шығармашылық еңбектерiн зерттеуге үлес қосып жүрген ғалым, Қоңыр атын иеленген мектептiң директоры Ернар Мәсәлiм.

Балла ЯНОШ, Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi:
– Қоңыр сынды қайраткердiң есiмiн ұлықтау шараларына қатысып отыруымның өзi мен үшiн үлкен құрмет. Түркi әлемiн Қоңырсыз елестету мүмкiн емес. Оның бiртұтастық идеясының өмiршең екендiгiн тарихтың өзi дәлелдеп бердi. Қаншама қарама-қайшылықтарға тап болса да, Қоңыр өз ұстанымына берiк болды. Мен бұл адамнан адамгершiлiктi,шыншыл болуды, бастаған iске асқан жауапкершiлiкпен қарауды үйрендiм. Түркiге ортақ мұндай тұлғаның мұрасы да бiз үшiн ортақ игiлiк деп есептеймiн.

Сема БАРУТЧУ, түркиялық ғалым, профессор:
– Қазiргi уақытта бiздер түркi әлемiнiң бiртұтастығы туралы әңгiме айта бастадық. Ал Иштван Қоңыр осы идеяны концептуальдi түрде айналымға енгiзуге әрекет жасаған адам. Шынында да, бүгiнгiдей жаһандану дәуiрiнде түбi бiр ұлыстардың бiр идея аясында бiрiгуiне тура келiп тұр. Ал «Қоңыр оқулары» Қазақстанда бiрiншi болып қолға алына бастағанын қолдап, қуаттаймыз.

Ишмухамед ГАЛЯУТДИНОВ, башқұрт ғалымы, профессор:
– Түбiмiз бiр болған соң, тамырымыз да тарихымыз бен мәдениетiмiз де бiр-бiрiмен егiз. Қазақтың ұлттық ерекшелiгiнiң басы домбыра болса, Башқұрттардың мақтанышы – қурай, яғни – сыбызғы. Қазақтар да сыбызғыда ойнайды, бiз де домбыра тартамыз. Тiптi бiздегi кейбiр оркестрлерде домбырадан бастап шаңқобызға дейiн қазақ бауырларымыздың ұлттық аспаптары ойналады. Рухани сабақтастық деген осы болса керек.

Ернар МӘСӘЛIМ, Алматыдағы Иштван Қоңыр Мандокки атындағы мектептiң директоры, Венгрия Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы – «Күмiс Крест» марапат белгiсiнiң иегерi, елтанушы ғалым:
– Есiмi түркi әлемiне ортақ тұлғаның атын иеленген мектепке басшылық ету – мен үшiн зор мәртебе. Өз басым Қоңырдың еңбектерi арқылы талай тарихтың қатпарлы сырын ашуға мүмкiндiктер алдым. Мысалы, Мажарстандағы түркiлердiң тiлiне айналған венгр тiлi өзге тiлдерге ұқсамайды. ХIХ ғасырда мамандар бұл тiлдi фин-угор тобына жатқызған едi. Менiңше, бұл – қате тұжырым. Олардың 1500 сөз құраушы лексемаларының түп-төркiнi – түрiк сөздерi. Мажарлар 1000 жылдан астам уақыт Еуропада өмiр сүрсе де, олар өздерiн көшпендiлер қатарына жатқызады. Былайша айтқанда, жапон елiндегi самурайлар тәрiздi венгр қыпшақтары да сол елдiң әскери элитасын құрады. Осы мәселе төңiрегiндегi еңбектерiмдi жалғастыра түссем деймiн.

Кеше осы мәдени шараның заңды жалғасы ретiнде Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшiлер үйiнде Қоңыр есiмiмен тығыз байланысы бар үш бiрдей кiтаптың тұсаукесер рәсiмi өттi. Атап айтқанда, елтанушы Ернар Мәсәлiмнiң «Тiспен туған қоңыр бақсы» атты еңбегiнiң, Дағыстанның Халық жазушысы, ақын Батруддин Магомедовтiң «Үзiлген үзеңгi» кiтабының, Алматыдағы Ұлттық кiтапхана ұжымы дайындап шығарған «Ұлы даланың бiртуар ұланы» ғылыми жинақтары өз оқырмандарына жол тартатын болды. Аталған кiтаптарда Қоңырдың еңбектерiнен таңдамалы үзiндiлер, өз қолымен жазған құжаттары, естелiктер мен хаттары топтастырылған. Бұл еңбектердi ғылыми орта Қоңыртануға қосылған қомақты үлес деп бағалап отыр.
Биыл бiрiншi рет ұйымдастырылып отырған «Қоңыр оқулары» бұдан былай дәстүрлi түрде жалғасын табатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста