Алматы қаласында 2005 жылы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің шешімімен Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы білім, ғылым және мәдениетаралық келісімшарт негізінде жаңа білім ордасы құрылды.
Жастарды материалдық және рухани құндылықтармен қамтамасыз ету, кәсіби мамандар дайындауда шет тілдер және іскерлік карьера университетінің академиялық құрылымында 5 факультет, 7 кафедра, 15 мамандық ғылыми-зерттеу орталығы және тіл үйрету орталықтары заманға сай әр алуан техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. 2008-2009 оқу жылынан бастап «тарих», «аударма ісі» мамандықтары бойынша магистратура бөлімдері ашылды. Бұл салалар бойынша шет тілін табысты өткізген талапкерлер магистратураға қабылдана алады.
Дарынды жастарды дайындап, университетке тарту мақсатымен Алматы Қазақ – Түрік Гуманитарлық технологиялық колледжі ашылып, дос және бауырлас Қазақстанның ғылым, білім мәдениет салаларының дамуына өз үлестерін қосып келеді. Түркия мен Қазақстан арасында білім мен мәдениет көпірі болып сапа, тәртіп, тәрбие жағынан табысты жұмыс жасап келе жатқан жас оқу орны. Осындай жұмыстар нәтижесінің қорытындысы бойынша 2006-2007 жылдары ЖОО рейтингінде 8-орынды иеленді. Бүгінде беделі жоғары, білікті білім ордаларына айналып отыр. Университет жарғысы бойынша оқу процесі төрт тілде – қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіліп, студенттер міндетті түрде қазақ-түрік тілдерін меңгеріп шығады. Сондай-ақ оқу процесіне қазақ тарихы, түркия тарихы, дінтану секілді дәріс берілді, міндетті пәндер енгізілген.
Университетте арнайы «Дінтану және тарих» факультеті жұмыс істейді. Айта кетерлігі, дінтану пәні бойынша дәрістер ынталы студенттер үшін тегін жүргізіледі.
Біз өмір сүріп отырған XXI ғасыр – нағыз білім мен техниканың ғасыры. Әр алуан жаңа технологиялар мен білім деңгейі бәсекеге түсіп жатқан сәт. Осы тұста өркениетке бет алып, кәсіби мамандар даярлау басты міндет болып табылады. Өз ұрпағының болашағын өрістетем дейтін кез келген ел, сол ұрпақтың жан-жақты білім алып, еш кедергісіз сол білімді іс жүзіне асыруына, еліне еңбек етуіне бар мүмкіншілікті қарастырып, жағдай туғызуы кезек күттірмейтін мәселе.
Жастарымыздың әлемдік деңгейде білім алуын көздеген университет Қазақстан Республикасы азаматтарынан басқа, түркі әлемімен, ТМД, Қытай, Моңғолия, Жапония т.б. көрші мемлекеттердің білім беру мекемелерімен қарым-қатынастардың ауқымын кеңейткен. Оған биылғы оқу жылынан бастап Қытай мемлекетіндегі жоғары оқу орындарымен өзара білім алмасу мақсатында келісімшартқа отырғаны дәлел.
Университет өміріндегі ерекше айтылар жайт – ұлттық құндылықтарға айрықша мән берілетіндігі. Биылғы оқу жылында 30-дан астам қазақ тобына грант бөлінді, оқу қазақ, араб, ағылшын, қытай және түрік тілдеріде жүргізіледі. Барлық мамандықтарда шәкірт қалауы бойынша екі шет тілін тегін меңгере алады.
«Тіл үйрету орталығында мемлекеттік тілді толығымен меңгеруге арналған сабақтар өткізіліп, алты мамандық бойынша дайындық курстар ұйымдастырылған. Бұл курстарда 200-ге жуық азаматтар тілді меңгеруде. Толық курсты оқып шыққан студенттерге сертификат беріледі. Жиналыстарда іс-қағаздардың түгелдей қазақ тілінде жүргізілуі – үлкен жетістік. Бұл – Түркия мемлекетінің тілдік моделінен үлгі алған бастама. Аталған елдің қарамағында көптеген өзге ұлт өкілдері мекендесе де, тілдің қолдану зандылықтары нақты қабылданған. Ал ел бірлігінің бірден-бір кепілі – тіл бірлігі.
Сонау бағзы заманның өзінде «Алаш» деген жалғыз сөз күллі халықты біріктірген. Қалмақ қырғынында күллі халық «Елімайлап» қайғыға ортақтасқан. 86-да «Менің Қазақстаным» әнінің әрбір сөзі талай жылғы селді бұзып, әр жастың жүрегінде бүршік жарып, Тәуелсіздік жолында жастардың басын қосқан. Өйткені мемлекеттік тіл – мемлекеттің ажырамас бөлігі. Бүгінде университет ұжымы өзінің тәжірибелік қызметінде қазақ тілін қолдануға деген қажеттілікті баса сезінуде.