Былтыр белгілі түрік актері Бурак Өзчивитпен шаңырақ көтерген актриса Фахрие Эвджен әлеуметтік желілердегі тегін өзгертті. Бұл туралы Ntv Haber хабарлады.
Әлеуметтік желілерді жиі қолданатын Фахрие Эвджен Instagram парақшасындағы тегін күйеуі Бурак Өзчивиттің қалауымен өзгерткен. Айта кетейік, жұлдызды жұп 2015 жылдан бері бірге. Ал 2017 жылдың 9 наурызында Германияда Бурак Фахриеге үйлену туралы ұсыныс жасаған болатын. Үйлену тойын танымал жұп өткен жылдың 29 маусымында Ыстамбұлда дүркіретіп жасаған еді.