Тұрар Рысқұловтың зираты табылды

Режиссер Еркін Рақышев бастаған шығармашылық топ Алаштың арда азаматы, көрнекті сая­си қайраткер Тұрар Рысқұловтың жерленген жерін тапқанын мәлім етті. Атылғанына 70 жылдан астам уақыт өткенде барып қайраткердің денесі репрессияланған басқа да азаматтардың мәйітімен бірге КСРО НКВД-сының Мәскеу облысындағы «Коммунарка» атты бұрынғы арнайы объектісінде жатқаны белгілі болған сыңайлы.
«Ком­мунарка» объектісі 1930-1940 жылдар ара­лы­ғында жап­пай атылғандарды жерлеу орны ретінде белгілі. 1999 жылға дейін ол «Лоза» де­ген құпия атпен ата­лып келген. Ресейдің Фе­де­рал­ды қауіпсіздік қызметі сарап­шы­ларының пікі­рін­ше, қорымда 6,5 мың адам­ның сүйегі жатыр, алайда олардың ішінде 4527 адам­ның ғана аты-жөндері белгілі. Негізсіз таңыл­ған саяси айып бойынша атылған сол адамдардың аты-жөндері ар­найы шы­ға­рылған дерекнамалық кітапқа енгі­зі­ліп, сонымен бірге қысқаша өмір­баян­дары да берілген екен. «Сол тізімдегі адам­дардың қа­та­рында тек Тұрар Рыс­құловтың ғана емес, Нәзір Төреқұлов пен Сұлтанбек Қожановтың да есімдері бар. Мәдениет министр­лі­гінің тапсы­рысы бойын­ша, «Тұрар Рыс­құлов» атты де­ректі фильм түсі­руге кірісе отырып, біз бірінші кезекте Тұрар ағамыздың зи­ра­тын табуды мақсат еткен едік. Басқа қай­­­рат­­кер­лердің де­ре­гіне кездейсоқ ке­зік­тік», – дейді ре­жиссер Ер­кін Ра­қы­шев.
Фильмді түсіру барысында шы­ғар­машылық топ Тұ­­рар Рыс­құ­лов­тың табаны тиген, қайраткерлік қыз­­­ме­тінің ізі қалған Ташкент, Тараз, Түркіс­тан, Шым­­кент, Мәс­кеу қала­ла­рын түгел аралап шық­қан. Мәскеуде Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметіне арнайы сұрау сал­ған және жаппай ату ісіне қатысты мате­риал­дардың «Мемориал» атты халық­ара­лық құқық қорғау қоғамына тап­сырылғандығын анық­таған. Ақы­рында аталған қоғам қы­з­меткер­лерінің көмегімен Тұрар Рыс­құ­ловтың жерленген жерін анықтауға мүмкіндік алған. Фильмге қажетті мәлі­мет­терді көбірек жи­настыру мақсатында шығармашылық топ Тұрардың Мәс­кеуде тұратын немересі Вла­димир Рысқұловпен де арнайы кез­дескен.
Қайраткердің жерленген же­рін ал­ға­ш анық­тап, тұрартану ғы­лымына тың де­рек қос­қан шы­ғармашылық топ атал­­­­­ған фильмді биылғы жылдың ая­ғы­­на қарай эк­ранға шығармақ ниет­те.
Талас ОМАРБЕКОВ, тарихшы:
– Жалпы, Т.Рысқұлов, О.Исаев, Мир­­зояндардың 1939 жылы Мәскеуде атыл­­ғандары анық. Неге айыпталғаны ту­ралы да деректі құжаттар қолымызда бар. Тек нақты қайда жерленгені бел­гі­сіз болып келді. Бірақ қабірлердің жа­нын­дағы шіркеулердің тізімінде болуы мүм­кін. Онда да заңға сәйкес, қаулыны оқып, попты шақыртып, қазақ­ша айт­қан­­­да, иманын үйіртіп ат­қан болса, діни мекемелерде міндетті түр­де тір­келеді. Ал Қазақ­станда 18 ха­лық комиссарын сот­сыз атқан да, қапқа салып апарып, көміп тастаған. Мұн­дай жағдайда атыл­са, діни ме­кемелерде де еш дерек бол­май­ды.

Менің бір білетінім, «троцкийшіл, зиновьевшіл блокқа қатысқан», «ұлт­шыл-буржуазиялық партия­лар құрған» деп айыпталған Т.Рысқұлов, О.Исаев тә­різ­ді қайраткерлер кез келген жерде атыл­маған. Түрмелердің жанында, НКВД мекемелерінде оларды арнайы бір ату орны болған. Жаңағындай жер­лер­ге сосын апарып жерлеген.
Егер де киногер айтып отырған де­рек шындыққа сай болса, бұл тарих үшін өте құнды, маңызды жайт болар еді. Мә­лі­метін растау үшін енді ол аза­ма­т осы фак­тіге қатысты түпнұсқа құ­жат­­тар­­дың фотокө­шір­ме­сін тарих­шы­лар­ға көрсетіп, баспасөзде толық жа­рия­­лауы тиіс.
Еркін РАҚЫШЕВ, «Тұрар Рысқұлов» де­рек­ті фильмінің режиссері:
– «Комунарка» зиратханасының ор­нында қазір бір шіркеу орналасқан. Сол шіркеудің қызметкерлері «Фе­де­рал­ды қауіпсіздік қызметі барлық құжат­тарды жақында ғана «Мемориал» қоғамдық қо­рына берді» дейді. Солар­дың барлық қа­ғаздарын компьютерге шы­ғарып қа­ра­дық, олар толық тізімді көр­сетпейді. Тек фамилия атасаңыз, ком­пьютерге шы­ғарып береді...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста