Дәл қазір Жігер Ауыпбаевтың сөзі желіде қызу талқыланып жатыр. Әнші жігіт өзінің сұңғақ бойлы екенін айтып, сәби сүйгісі келетін қыз-келіншектерге ашық ұсыныс тастаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Ғаламторда тараған видеода Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желідегі тікелей эфирде көпшілікпен әңгімелесіп отыр. Әншіге ғашық қыздардың бірі тосыннан сұрақ қояды.
Сіздің бойыңыз неше? Бойыңыз ұнайды, — деп сұрады оқырмандарының бірі.
Жігер бұл сұрақты жауапсыз қалдырмады. Алып денелі әнші өзінің ұзын бойымен мақтанып, желідегі қыз-келіншектерге үндеу тастаған.
Бойым 1.95 сантиметр. Асыл тұқымдымын. Тұқым алып қалыңыздар, — деді Жігер Ауыпбаев.
Әншінің бұл ұсынысы қыздарға қатты ұнап қалса керек, олар бірден қызығушылық танытып, Ауыпбаевты сұрақтың астына алған.
Тұқым тегін бе, алайық па? — деп сұрады қыздардың бірі.
Бұл сұрақ Жігерді тығырыққа тіресе керек, ол жауап берген жоқ.
Сондай-ақ әнші жігіт дәл осы видеода актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбетпен арадағы жақын қарым-қатынасы туралы да жұмбақтап айтқан.