Түменде ең сұлу қазақ қызы таңдалды (ФОТО)

Сургутта тұратын еркін күрестен спорт шеберіне үміткер Қымбат Тәкенова Түменде өткен қазақ сұлуларының облыстық байқауында «Мисс сұлу қыз-2015» атағына ие болды.
Биылғы жылы сұлулық байқауы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған, оған сегіз бойжеткен қатысты. Олардың арасында Қазақстан азаматшасы - Түмен мемлекеттік университетінің жаңа тарих және әлемдік саясат факультетінің магистратура студенті, алматылық Мереке Жақыпбек болды. Ол бұл байқауда вице-мисс атанды.

«Сұлу қыз» байқауы Түменде 2010 жылдан бері өткізіліп жатыр. Шараның басында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Түмендегі Құрметті консулы Сейілхан Мақаш 2015 жылдың Қазақстан және әлемдегі барлық қазақтар үшін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының басталуына жол ашқан және Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілген жыл ретінде маңызын атап өтті.

Байқаудың қатысушылары Қазақ хандығының негізі қалануы тақырыбына көріністер дайындады. Бойжеткендер Жәнібек пен Керей хандар, Қасым хан мен Тәуке хан, Абылай хан мен Есім хандар туралы баяндады. Олар дайындаған театрландырылған көріністерге достары қатысты. Экранда Қазақ хандығы тақырыбындағы сюжеттер көрсетілді. Аталымдар арасындағы үзілістерде көрермендердің алдында Түмендегі «Мерей» қазақ ансамблі мен би топтары өнер көрсетті.

Байқаудың бас жүлдесі автомобиль болды. Сұлу қыз атағына ие болған Қымбат Тәкенова Түмен мұнай-газ университетінде білім алуда.


 

www.inform.kz/kaz/article/2851835

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста