Түлектер тойда табысты

Түлектер тойда табысты

Еліміздің өркендеуіне зор үлес қосып келе жатқан ең ірі жоғары оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына биыл 75 жыл! Осы мерейтойға орай, кеше білім шаңырағының әр жылдардағы түлектері, бүгінде елімізге белгілі танымал тұлғалар бас қосты.

Қара шаңырақтың мерейтойлық кездесуіне екі жүзге жуық түлек жиналды. Олардың ішінде ҚР Парламент депутаттары, елшілер, ғалымдар, ақын-жазушылар және БАҚ басшылары бар. Басқосуда елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері өздері білім нәрімен сусындаған университет жайында тағылымы мол әңгімелер айтып, студенттік шақтарындағы естеліктерімен бөлісті.

Кездесу барысында еліміздің ғылымына еңбегі сіңген қайраткерлер ҚазҰУ-дың күміс медальдарымен марапатталды. Қара шаңырақ түлектерінің қауымдастығы құрылып, оның президенті болып көпшілік дауыс жинаған ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәми сайланды. Қауымдастық мүшелері алдағы уақытта тұрақты журнал шығарып, түлектер арасында іскер байланыс орнатуға бел буып отыр. Университет ректоры Бақытжан Жұмағұлов қара шаңырақ түлектерімен екі жаққа да тиімді тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүдделі екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, мерекелік басқосуда білім шаңырағының ұжымы әзірлеген «Біздің элита. Наша элита» жинағының тұсауы кесілді. Кітапқа ҚазҰУ-дың 125 мың түлегінің ішінде бүгінде жоғары жетістіктерге қол жеткізген екі жүзден астам тұлғаның есімдері енгізіліп, солар жайлы мәліметтер берілген. Басылым құрастырушыларының айтуынша, жинақ көптомдық. Оқу орнының тарихы жазылған бірінші томы ХХ-ХХІ ғасырлардағы түлектерге арналыпты. Кітапта жарық көрген ең маңызды әрі құнды материал құрылысы жаңа аяқталған университет тарихының мұражайында ғана сақталатын алтын кітапқа енгізілмек. Кездесуден кейін қонақтар Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында қара шаңырақ өмірінен сыр шертетін көрме және шәкірттер күшімен дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалады. Білім ордасының мерейтойына жиналған қонақтар өздеріне дәріс оқыған ұстаздарымен кездесіп, бозбала-бойжеткен шақтарын еске алды. Оқу ордасының асханасындағы студенттік тағамдардан ауыз тиді. Ал түстен кейін «Түлектер аллеясына» естелік ретінде жасыл желек отырғызды.

1934 жылы құрылған білім шаңырағының ұжымы осы уақытқа дейін 125 мыңнан астам түлекке білім беріп, олардың үлкен өмірге аяқ басуына ықпал етті. Бүгінде олар Қазақстанды айтпағанда, әлемнің көптеген елдерінде жоғары лауазымды қызмет атқарып жүр. Әлемдік стандартқа сай жасақталған жалғыз оқу орнының қалашығында қазір қаржылық дағдарысқа қарамастан, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, алдағы жарты жыл ішінде 100 мың шаршы метр аумақты қамтитын жаңа оқу және ғылым нысандары пайдалануға берілмек.

Анықтама:
Қазіргі таңда білім ордасының 14 факультетінде 20 мыңнан астам студент, магистранттар мен PhD ғылым докторлары даярлануда. Одан өзге, мыңға жуық шетелдік шәкірттер де осы жерде білімдерін жетілдіріп жатыр. Биылғы жылы аталған университетке мемлекеттік грант бойынша республика көлемінде ең көп талапкер – 2600-ден астам студент оқуға қабылданды. Мұнда несиелік жүйе бағдарламасы бойынша 180 түрлі мамандық иелері дайындалады.

135

 

Ғани Қасымов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– 1969 жылы сол кездегі ҚазМУ-дың ректоры Асқаров біздің курстан біраз жігітті жинап алып, Мәскеу университетінің Халықаралық қатынастар факультетіне емтихан тапсыруға жіберді. Сол кез есімнен кетпейді. Негізінен, ол жылдары Мәскеуде Қазақстанда сирек кездесетін мамандықтар бойынша студенттер даярланатын. Қазір ондай мамандар ҚазҰУ-де де бар. Бүгін қара шаңырағымыздың көркейіп, қеңейгенінің куәсі боп отырмын.

 

 

210

Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Мен 1976 жылы университеттің заң факультетіне оқуға түскенмін. Бүгін мен үшін ерекше күн. Себебі жастық шағымның куәсі болған университетіммен қайта қауыштым. Өзіммен бірге оқыған достарыммен кездестім. Ұстаздарыма мың да бір алғыс айтамын. Студенттік кезімізде тауға бүлдірген теруге жиі баратынбыз. Сол сияқты ботаникалық бақ та жақын болғандықтан, сол жерден раушан гүлдерін жинайтынбыз.

37

Бақытжан Жұмағұлов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ректоры:
– Білім шаңырағының бұрынғы түлектері, қазіргі қоғам қайраткерлері, танымал тұлғалардың студенттермен кездесулерін өткізуді мықтап қолға алмақпыз. Олардың өмірлік тәжірибесі болашақ мамандарды дайындауға және отансүйгіш жастарды тәрбиелеуге зор үлес қосатынына сенемін. Осы бағытта қазір біраз жұмыстар атқарылып та жатыр. Көптеген түлектер студенттермен кездесіп, дәрістер оқуда.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста