Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы елімізді жаулаған індет жайында ел күтпеген мәлімдеме жасады. Ол бұл аурумен түбінде бәрі ауырып шығатынын айтып, отандастарын ағзаны "соғысқа" дайындауға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызы қауіпті дерттпен күресу үшін не істеу керегін өзінің Instagram парақшасында тізіп шықты. Тележүргізуші індетке кез келген уақытта дайын болу үшін иммунитетті күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Ақпарат өкілі ауырған бойда бастысы төсек тартып, жатып қалмау керек екенін түсіндірді. "Антибиотик іш/ішпе деп шатасасың ба, кешегі отшашуға ашуланасың ба, қазақстандық дәрігерлерді сынаған Малышеваға ренжисің бе әлде жұқтыру санынан бірінші орында тұрғанымыз үшін өзіңе жынданасың ба?! Бәрін айт та, бірін айт. Соңғы жаңалықтардың ешқайсысы да мәз емес. Түбінде бәріміздің ауырып шығатынымыз түсінікті... Бұл – ағза мен вирустың арпалысы.
Сондықтан, ең бастысы, иммунитет «соғысқа» дайын болу керек.
С витаминіне нағыз бай қымыз ішіңіздер;
Омега 3, Д3, кардиомагнил, аскорбин қышқылы, ревит витаминдерін ішіңіз;
Таза ауада жиі серуендеңіздер;