Тозғаны-ай, қайран елдің бірер жылда,
Шөбіндей теріскейдің қабы кеткен.Еліміз балшебекке қараған күн,
Өрт шалған торғайға ұқсап, сәні кеткен.
Төрт көзі түгел тұрса ел ішінде,
Қолынан ештеңе емес малы кеткен.
Жұмыстың бақшаланған біреуі жоқ,
Араның шелегіндей балы кеткен.
«Тері ішінде бір азып, бір семірер»
Деген сөз осы екен ғой кәріп өткен.
Арманым айта берсем таусылмайды,
Бұрында біраз жайды жазып өткем.***
Көдек Байшығанұлы
(1888- 1937)Қазақ жерінде туып, Қытайда ғұмыр кешкен тағдырлы ақындарымыздың бірі – Көдек Байшығанұлы. 1980 жылдардың ішінде Шыңжаң Халық баспасынан ақынның екі бірдей өлеңдер жинағы араб әрпінде жарыққа шықты. Өз елімізде Көдек шығармалары ең алғаш Рахманқұл Бердібаевтың қысқаша таныстыруымен 1980 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде басылған. 1930 жылы қызыл саясаттан қысым көріп, амалсыз Қытай ауып кетедi. 1937 жылы Көдек ақын сол жақта құрығы ұзын коммунистердің қолынан қаза табады.
Тозғаны-ай, қайран елдің...
Последние статьи автора