Күні кеше әлеуметтік желіде таралып кеткен Төреғали Төреәлінің өлімі жайлы жалған ақпаратты естіген Жанар Айжанова орнынан тұра алмай қалған. Актриса елді дүрліктіргендерге ұрысып тастаған деп жазады NUR.KZ.
"Бүгін түнде Төреш жол апатынан қайтыс болды" деп елді дүрліктірген адамдар, сендер өзі обал-сауаптың не екенін білесіңдер ме? Құдайдан қорықпайсыздар ма? Біреудің баласында не ақыларыңыз бар?
Ата-анасы былай тұрсын, менің өзім отырған орнымнан тұра алмай қалдым. Төреш дін аман екен! Алла ұзағынан қылсын! Жасың ұзақ болып, өсіп-өркендей бер!", - деп жазды Жанар Айжанова Instagram парақшасында.
Айта кетейік, күні кеше желіде Төреғали Төреәлінің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.
Көп ұзамай әншінің өзі елді дүрліктірген жаңалықтың жалған екенін айтып, мәлімдеме жасады.