Ұлы дала баласы Төреғали Төреәлі жуырда ел аралап концертін беріп қайтқан-ды. Енді әнші шығармашылығына білек сыбана кірісуде. Қазір ол оңтүстік шаһарда бейнебаян түсіріп жатыр, деп хабарлайды Gakku.kz.
Төреғали Төреәлі, Ұлы Даланың студент баласы: "Асқар Мәденов деген менің бауырым, группаласым. Екеуіміз бірге оқығанбыз. «Студенттік өмір»,-деген ән жаздырып, Қайнар Алагөзов пен Есен Жүсіповке. Сол әнге бейнебаян түсіріп жатырмыз".
Аталмыш бейнебаянға өзінің бірге оқыған үзеңгілес достары түсуде. Оның арасынан жау жүректі екі баланы кезіктіріп қалдық. Нақтырақ айтсақ, Аян Өтепберген мен жас депутат Асылхан Төлеповті. Бейнеклиптің режиссері Мерей Маханов. Тағы бір байқағанымыз актерлердің барлығы бала болып кетіпті. Сөйтсек, туындының сюжеті сондай екен.
"Ол кездегі толқыныс, ол кездегі қорқыныш... Енді оны бұл өмірде сезер ма екенбіз, сезбес па екенбіз... Енді ол әсердің барлығын видеоға сыйғыза алмайтын шығармыз мүмкін. таңды, таң құрып айтсақ та жеткізе алмайтын шығармыз. Бірақ, сол кезде жүргендей бейнелер жасаймыз",- дейді Төреғали.
Таспаланып жатқан бейнебаян жуырда жарыққа шығып қалады. Оған дейін де Төреғали басқа туындысымен қуантпақ.
Төреғали Төреәлі, Ұлы Даланың студент баласы: "Менің репертуарымдағы әндердің барлығының әрлеушісі, сол менің Есен бауырым. Сол бауырымның әніне жазылған Қайнар Алагөзов ақын бауырымның өлеңі «Біртүрлі қыз»,-деген кішкене біртүрлілеу ән шыққан болатын. Соған Парасат деген менің, Аман деген бауырларым бейнебаян түсірді. Енді Құдай қаласа, бұйырса жарыққа шығады".
Ендеше, қос туындыны да асыға күтеміз.