Павлодардағы көрерменін залдан қуып шығып, қазақстандықтардың наразылығына тап болған Төреғали Төреәлі кезекті концерті кезінде ақсақалдан "кешірім" сұрады. Ол сахнада шағын көрініс жасап, осы арқылы өзі қуып шыққан бейтаныс кісіге өз ағаттығын білдірген деп хабарлайды NUR.KZ.
Әншінің "ақсақалдан кешірім сұрап тұрған видеосы" желіде тез тарап кетті.
Алайда Төреғалиді бұл жолы да жақтырмағандар табылды. Мәселен, оның бұл әрекетін ақсақалды мазақ етті деп бағалағандар да табылды.