Тоқымашы қыздар таңғалдыруда

Бүгінгі таңда қолөнер бұйымы ХХІ ға­сыр­дың таңғажайып дүниесіне ай­на­лып ба­ра­ды. Тоқу ілмегімен майлықты қалай тоқуға немесе дастар­хан­ды кестелеп қалай тігуге болады? Шеберлікті мектепте үйрете ме, үйде... Жоқ, әлде?  Өйткені қазіргі заманда әйелдер­дің қолөнермен ай­на­­лы­суға уақыттары жоқ десе де болады. Сондықтан балаларды сәндік-қол­данба­лы өнер­ге баулитын үйірмелердің жұ­мыс істеп тұрғаны көңіл қуантады.


Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауда­нын­дағы Қыземшек кентінде балалармен бұл бағытта сабақтар «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС қолдауымен тегін жүргізіледі. 7 жастан 16 жасқа дейінгі 50 қыз бала «Демеу-Қыземшек» филиалының «Оазис» мәдени-спорт кешенінің «Қолөнер» топ­тарына қатысады. Топтарда сабақты дип­лом­ды маман Гүлнұр Кабулова жүргізеді. Ол «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС әлеу­меттік компаниясында үйірме жетекшісі болып бес жылдан бері жұмыс істеп келеді. Еңбегі өз жемісін беріп те келеді, оның жетекшілігімен шығармашылық қолөнер шеберханасының тәрбиеленушілері өз қолдарымен 200-ден астам әртүрлі май­лықтарды, 300 қолөнер бұйымдарын, 10 тұс кілемдерін, 200 жұмсақ ойыншық­тар, 500 моншақтан жасалған бұйымдар мен тағы да басқа көптеген қолөнер бұйым­дарын жасаған. Балалар бірнеше жылдап қа­тысатын «Қолөнер» үйірмесінің топт­а­рын­да берілетін тапсырмалардың күрделі­лік деңгейі тұрақты өсіп отырады. Әрине олар бі­рінші ең қарапайым – ұсақ бұйым­дар­­ды, кесте, киім тігуді меңгерсе, уақыт өте келе бала­лар күрделі өнер – тұс кілем тоқуы қолға алады. Жұмыс­тар­дың бір бөлігі көрмелерге қойылатын экс­понаттар ретінде үйірме бөлмесінде қала­ды. Бұл шы­ғармашылық шеберхана бар­­лық рес­публикалық мерекелерге, «Оазис» МСК көрмесінде көрсету үшін жаңа бұйым­дар дайындайды.
2011 жылы өнерлі балалар Г. Кабулова­ның жетекшілік етуімен аудан орталығында (Шолаққорған ауданы) өткен «Теріскей таланттары» фестиваліне қатысып, көрер­мен­дерді қолөнер бұйымдарының тамаша көр­­месімен таңғалдырды. Олардың бел­сенді жұ­мыс­тары үшін «Қазатомөнер­кәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы В.С. Школь­никтің аты­нан алған көптеген мақтау қағаздары мен алғыс хаттары бар.
«Қолөнер» үйірмесінің тұрақты қатысу­шы­сы Аяулым Нұрмаханның айтуынша, Гүл­нұр Кабулованың дәрістері әрдайым қы­зық­ты өтеді. Әсіресе үйірмеге қатысушы­ларға моншақтан әртүрлі әшекейлерді өру және дүкеннен сатып ала алмайтын заттар­ды өз қолдарымен жасау ұнайды.
Қолөнер ұсақ моториканың, ал қол­ды дамыту – сөйлеу мен ойлаудың дамуы­мен тығыз байланыста. Демек, қолөнермен айналысу тек қызықты ғана емес, пайдалы да. Қазір шебер қолдар Ха­лық­аралық әйелдер күні мен Наурыз мей­ра­мына орайластырылатын үлкен көрмеге да­йындық үстінде. Олардың жұмыс­тары­ның бір бөлігі биылғы жылы наурыз айын­да Астанада өтетін «Қазатомөнеркәсіп-Де­меу» ЖШС көрмесіне жіберілетін болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста