Тоқал ашына емес қой...

Осы аптада Алматыда қазақстандық-америкалық «Тоқал» («The Other Wife») картинасының түсіру жұмыстары аяқталуына байланысты баспасөз мәслихаты өтіп, Hollywood Filmacademy® USA, Hollywood Filmacademy Kazakhstan мен «Таң» телеарнасы бірігіп қолға алған жоба жайлы мәлімдеді. Ал бұл жоба бұған дейін әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қым-қиғаш көзқарастар легін туындатқан еді. Замана қанша өзгерсе де әлмисақтан келе жатқан тоқал әңгімесі әлі де толастамақ емес. Ал фильмді жасаушылар тоқал мен ашынаның аражігін ажырата алды ма, қазірге ол өздеріне ғана мәлім. Өйткені, картинаның атауы таза қазақша болғанымен, фильмнің сценарийін жазған да түсірген де орыс режиссері Ев­гений Чельцов. Түрлі мәде­ниетті бойына сіңірген Чельцов тоқал табиғатын қаншалықты терең түсіне алғаны да қазірге бізге беймағлұм. Қазірге бізге белгілісі – екі әйелі бар азаматтың рөлін танымал қазақ актері Ерік Жолжақсынов ойнаған. Бұған дейін басты рөлді Марк Дакаскос ойнайды деген ақпараттар тараған болатын. Алайда, бұл рөл америкалық актерға ақыры бұйырмады. Бірін­шіден, Марк Дакаскостың «Тоқал» түсірілетін кезде тығыз жұмыс кестесіне байланысты қолы тимеген. Екіншіден, аталмыш жоба әлеуметтік желілерде жария болысымен отандастарымыз «Өз актерларымыз құрып қалды ма?», «Дакаскос қатысқан «Көшпенділерден» қарық болдық па?» дегендей тұрғыдағы пікірлер қаптап кеткенін білеміз. Қысқасы, картинаны түсіру­шілер Ерік Жолжақсынов екі кеменің құйрығын ұстаймын деп басы әлекке қалған ер-азаматтың рөлін өте сәтті алып шықты деп есептейді. Сол сияқты фильмге белгілі қазақ актері Тұңғышбай Жаманқұов, тоқал рөлінде жас актриса Жәнел Мақажан түскен. – Тоқал мәселесі баяғыдан бар. Бұл фильм тоқал алуды мақтамайды да, жақтамайды да. Қазіргі адамдардың өмірі арқылы отбасылық құндылықтар, бизнестегі бәсекелестік, бүгінгі буынның қарым-қатынасын көрсетеді. Картина шешуші ойды көрерменің өз парқына қалды­рады, – дейді актер Ерік Жолжақсынов. БАҚ тарапынан Ерік Жол­жақсыновқа қойылған сауал­дардың барлығы дерлік «Өзіңіз ер-азамат ретінде тоқал алуға қалай қарайсыз?» деген сыңайда болды. Актер бір жағы қалжыңға бұрып: «Тоқал алуға қарсы емес­пін, жағдайың болса. Бірақ, осы бір отбасымыз бен өз бала-шаға­мызды елдің қатарына қосып алсақ жаман болмаушы еді», – деп құтылды. Чельцов та аталмыш картина арқылы ешкімге ақыл айтпайтынын, ешкімді өмір сүруге үйретпейтіндігін айтады. Оның ойынша, махаббаттағы үштаған барлық елде, барлық жерде бар және барлық уақытта болған. Сондықтан да біздер оған «тоқал» деген ашына емес екен­­дігін тағы да айтып, атауы таза қазақша фильмде ұлт­тық ерек­шелік ескерілген-еске­ріл­мегенін сұраған едік. Деген­мен, фильмді түсірушілер сауалды аса түсінбегендей сыңай танытты. Әу баста осындай әлеуметтік драма түсіру туралы идея соңғы он жылдан бері АҚШ-та тұрып жатқан қандасымыз Гаухар Нұртастың ойына келген. Фильмде Қайраттың (Ерік Жолжақсынов) заңды әйелінің рөлін ойнайтын әрі картина продюсері Гаухар Нұртас «Таң» телеарнасының иесі Арманжан Байтасовпен кездесіп, жобаны бірлесіп жүзеге асыруды ұсынады. Осындай заманауи драма жасауды көздеп жүрген Байтасов бұл ұсынысқа бірден келісімін берген. Фильмнің түсірілу жұмыстары тамыз-қыркүйек айларында Алматы облысында жүрген, енді тек Лос-Анджелесте жасалатын кадрлары қалған. Ал фильмнің атқарушы про­дюсері Олег Абдулкабиров картина өте сапалы, романти­калық тұрғыдағы тамаша жерлерде түсірілді деп есептейді. Және әлемдік прокатта табысқа ие бола алатынына сендіріп отыр. Сол сияқты картинаның қоюшы-операторы Сергей Ко­ма­ров пен қосалқы режиссері Татьяна Быстрицкаялар Қазақ­станға бірінші рет келіп, қазақ­тармен алғаш рет қоян-қолтық жұмыс жасағанын, жаңа кино алаң өздеріне өте ұнағанын айтып отыр. Қысқасы, бірлескен картина – халықаралық жоба көрермендер көңілінен шыға ма, шықпай ма – ол уақыттың еншісінде. Бірақ, фильмді түсірушілер бұл картина коммерциялық деп есептейді. Жобаға кеткен қаражат қайта ма, қайтпай ма, оны бастамашылар талқыларынан көре жатар. Осылайша, Голливудтағы біз­­дің адамдар кезекті рет ха­лық­­аралық прокатқа шығуға ұмтылып отыр. Ал Голливудта жүр­ген қазақ қызы Гаухар Нұртас тоқал дейтін аса шікәмшіл тақы­рып – көркем дүние арқылы жүретін ашық диалог – көрермен мен картина арасында түсіністік көпірін сала алатынына сенімді. Кім білсін. Әйтеуір, бұл өзі өтімді тақырып болып тұрғаны талассыз. Қалай дегенде де бір жайдың басы ашық. Неке, отбасы – махаббат жемісі. Солай болуға тиіс. Ал бір адам бір мезгілде екі адамды қатар сүйе алады дегенге сенер ме едіңіз сіз?!

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.

Ақпарат көзі: https://egemen.kz/2015/09/17/76334 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста