Толымбек Әлімбекұлы: "Алпыс – талтүс"

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фотолар)

Сатира күлдіріп отырып жылататын, жылатып отырып, күлдіретін сиқырлы өнер. Нағыз сатирик өткір тілімен осып түскенде ту сыртыңнан келіп біреу қамшымен салып жібергендей күй кештіреді, сөйте тұра еріксіз езу тарттырады. Халықты күлдіре отырып тілімен түйреп те алатын, орайы келгенде ойындағыны ойнақы етіп жеткізе білетін сатириктің бірі Толымбек Әлімбекұлы. Тумысында сатирик болып дүниеге келген Толымбек аға 18 наурыз күні асқарлы алпыстың шыңына жеткен еді. 1 сәуір күні М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында әзіл-оспақтың хас шебері Толымбек Әлімбекұлының мерейтойына орай «Талтүс» атты шығармашылық кеші өтті. «Алаш айнасы» оқырмандарын өзінің салиқалы сұқбаттарымен сүйсінтіп отыратын Толымбек ағамыздың кешіне біз де барып қайтқан едік.
Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен өткен кеште Т.Әлімбекұлы өлеңін жазған әндер мен интермедиялар, скетчтер орын-далды.
Мерейтой иесін Жазушылар одағаның төрағасы, ақын Нұрлан Оразалин құттықтап, шапан жапты. Сондай-ақ сатириктің шығармашылық кешінде «Тамаша» ойын-сауық отауының, «Терісқақпай» театрының өнерпаздары өнер көрсетті. Нұрлан Өнербаев, Құрмаш Мақанов сынды әншілер кешті әнмен әрледі. Кеш барысында Толымбек Әлімбек әдемі әзілге, қазақы қалжыңға шөліркеген  зал толы көрерменді өзінің шығармашылығымен сусындатты.

Толымбек Әлімбекұлы халықты қыран-топан күлкіге қарқ қылып жүретін әйгілі айтқыштар Оспанхан Әубәкіров пен Қалтай Мұхамеджановтың шекпенінен шыққан шәкірт.
Өзімнің атым Толымбек –
Толып жүргім келеді.
Қисық кедір-бұдырды,
Жонып жүргім келеді.
Әкемнің аты Әлімбек –
Әкеме қарап,
желіп жүргім келеді.
Шешемнің аты Жансая –
Сол секілді сөз мәйегі –
Мақал-мәтелді теріп жүргім келеді.
Жақсыны көріп жүргім келеді.
Жаманды

Тұмсығынан «періп» жүргім келеді, –деп өзін күллі жұртшылыққа таныстырған Толымбек өзінің тосын мінезімен біреуді шоршытып түсірсе, енді біреуді сүйсінтті. Қалай болғанда да ол әдебиет әлеміне, қазақ сатирасына тың жағалық, жаңа леп әкелді.  Оның шығармашылығының жемісі – «Ым-жым», «Аһ-уһ», «Тойда жолығайық», «Қалай болса, солай...», «Қыздар, әйелдер, еркектер», т.б. аталатын кітаптары.

Толымбек ӘЛІМБЕКҰЛ: сатирик:
«Алпыс – талтүс» дейді қазақта. Кештің атын да соған лайықтап «Талтүс» деп қойдым. Алайда уақыт безбеніне салсақ, алпыс талтүс емес, екі кештің арасы сияқты. Талтүс деген өміріңнің дәл ортасы ғой. Алпыс сол ортадан асыңқырайды, ақшам уақтысы секілді. Сонда да көңіл жұбатып, «Талтүс» деген атауға құмарттық.

Болат ШАРАХЫМБАЙ, ақын: –  Менің Толымбек көкемнің жарасы үңірейіп, қаны сорғалап тұратын өлеңдері көп. Мысалы, «Бас туралы «баллада», «Жағымпаздың жыры», «Біздің жеңгей-жентелмен», «Танысың бар ма?», «Сейф», «Клип», «СМС», «Алтын балық, балықшы шал және шетелдіктер туралы», «Нұр Отанның» «братанға» жойқын он соққысы», «Сыбайластар», тағысын тағы өлеңдерінің қай-қайсын оқысаң да жарасы үңірейген жаралы өлеңдер. Осы өлеңдердің денесінен сорғалап ағып тұрған қан сенің жүрегіңнің үстіне тамып тұрғандай болады. Бұл не деген сөз? Яғни Толымбектің қаламсабынан сия емес, қан сорғалайды...
Оның сатирасы жай сатира емес, сарказм. Сарказм болғанда уы сорғалаған нағыз усойқы сарказм! Алдымен, ішек-сілеңді қатыра күлдіретін, сонсоң ішек-қарныңды солқылдата жылататын... сарказм! Толымбектің өлеңдерін оқып көріңізші, оқып отырып ішіңіз әлденеге әлем-жәлем болады. Іші әлем-жәлем адамның ашуға бой алдыртатыны оп-оңай. Ол ашу көмейге жетіп, тілге үйіріледі. Содан сұмдық басталады...
Ия, Толымбек Әлімбекұлының әрбір шығармасы көпшіліктің жадында сақталуымен ерекшеленеді. Өйткені оның шығармашылығына арқау болатындар оның өз елі, өз жері, қоршаған ортасы, өмір сүретін қоғамы, ал кейіпкерлері оның өз достары, замандастары, әріптестері. Т.Әлімбекұлының сатиралық шығармаларында ұлттың ертеңі, ұрпақтың қамы басты тақырып. Ол қазіргі қоғамдағы жақсы мен жаманды, әділдік пен әділетсіздікті, әдептілік пен әдепсіздікті, білімділік пен ойсыздықты ой безбеніне салып, әзіл-оспақтың сый-табағымен халыққа қайта ұсынады.  
Жасандылыққа жаны қас, шындықты шымшып та, шағып та, тістеп те айтатын мерейтой иесіне ұзақ ғұмыр тілейміз. Өмірге әлі талай өміршең дүниелеріңіз келе берсін дегіміз келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста