Соңғы кезде әлеуметтік желілерде тарайтын бейнероликтердің дені той залында түсірілген бидің түрлері. Би деп айтуға де келіңкіремейді, нақтырақ айтса, эротикалық стрептиз билер. Мұндай биді билеп жүрген кімдер дейсіз ғой? Өзіміздің қаракөз қыздар. Осыдан біраз уақыт бұрын той үстінде бір қыздың анадан туғандай жалаңаштанып жігітпен билеген видеосын көріп бетімізді басып едік қой. Сөйтсек қазіргі кезде той залында стрептиз көрсету сәнге айналыпты ғой.
Жақында әлеуметтік желілерді ақтарып отырып мына бір қалта телефонымен түсірілген бейнероликті көзім шалды. Ашып қалсам, сол баяғы қыздардың арсыз биі. Билеп жүрген қыздарға қарап қандай ер адам сүйсінеді, білмеймін, бірақ менің қараптан қарап жүрегім айныды. Әбден еркектің аймалауына зарыққандай қыздардың өздерін өздері аймалап, жерге домалағанына қарап әйел болып туылғаныңа ұялады екенсің...
Айнұр НҰРСАБЕТ