Әнші Жолбарыс Сейфуллиннің жас әйелі тағы да көптің көзіне түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жолы олардың желіге тараған видеосы елдің талқысына тап болды.
Тойға әйелімен бірге тілек айтуға шыққан Жолбарыс Сейфуллинге асаба "Осындай әдемі қатындарды қайдан табасыңдар?" деп қалжыңдайды.
Желі қолданушылары Жолбарыс Сейфуллинге "Қатының әдемі дегенге мәз. Ұят жоқ", "Қазақ әйелдің қадірін білмеді" деген сынды пікірлерін жазуда.
Айта өтейік, өнер иесі екінші рет үйленіп, орыс ұлтының қызын жар еткен. Әйелі Екатерина бұдан бұрын да елді шулатқан еді. Оның желіге төсін ашып түскен суретін жарияланған болатын.