Тойда өзіне жақсылап сарқыт салып жатқан пысық келіншек желіде жұлдызға айналды. Видеодағы әйелдің бұл әрекеті көпшіліктің көңілін көтерген.
Жақында YouTube желісіне қазақ тойындағы кезекті көңіл көтерерлік көріністердің бірі жарияланды. Алайда осы жолы еркеше биімен емес, тойдан сарқыт алуымен көзге түскен келіншек басты кейіпкерге айналған.
Әйелдің көзді ала бере дастархан дәмін пакетке кезектеп салуын кейбірі мемлекеттік қазынамен болып жатқан жағдайға қатты ұқсатқан.
“Мемлекеттік қазынамен дәл сондай жағдай болып жатыр”, – деп жазған пікір қалдырушы.