Тимирязевтің «тіреуі» кім?

Тимирязевтің «тіреуі» кім?

Былтыр академик жазушы Сәбит Мұқановтың 110 жылдық мерейтойы аталып өткені белгілі. Бұл тойдың басты жаңа­лығы өзі туған ау­дан­ға жазушының аты берілетіндігі болған еді. Тимирязев ауданын Сәбиттің есімімен атау ұсынысын аудан тұр­ғын­дарының көбі, ал мәсли­хат депутаттары тегіс қол­да­ған. Бірақ содан бері жарты жылдай уақыт өтті. Тимирязев «тұғырынан» әлі түскен жоқ. «Тіреуі» мық­ты.
Сәбит Мұқановқа туған жері Қы­зыл­­­жар­да бір ауданның атын беруді зия­лы қауым ұсынған болатын. Халық та тегіс қолдады. Тимирязев ауданының бар­лық ауыл­дарында жиналыстар өт­кізіліп, тұр­ғын­дардың пікірлері тың­дал­ған-ды. Об­лыс­тық тілдерді дамыту бас­қармасы жүр­гізген бұл жұмыстың нә­тижесінде тұр­ғын­дардың басым көп­шілігі ауданның Сәбит Мұқановтың есі­мімен аталғанын қолдап дауыс бер­ген. 16 ауылдық округте өткен жи­на­лыс­тарға қатысқан 6163 адамның 95 пайызы Мұқановты қаласа, тек 5 пайы­зы немесе 286 кісі Тимирязевті жақ­­таған. Кейін бұл ұсынысты ау­дан­дық және облыс­тық мәслихат де­пу­тат­та­ры да бірауыздан құптап, тиісті шешім шығарған болатын.
«Қызылжарда орысша аталған ау­дан қал­мады» деп сүйінші сұрап, «Алаш ай­на­сына» мақала да жазған едік. Шы­нын­да да, облыстағы 13 ау­дан­ның ішін­де кеңестік ке­зеңдегі атауын сақтап қал­ған осы Ти­ми­ря­зев қана. Сәбит туған Жаманшұбар де­ген жер осы ау­дандағы қазіргі Докучаев елді мекенінің маңы болып табылады. Әке­сі Мұқан мен шешесі Балсары да осын­да жер­ленген. Сондықтан қазақ жазу­шы­сы­ның аты туған ауданына берілетініне еш­кім күмәнданбаған.
Облыстық мәслихаттың сол шеші­мі­нен кейін де жарты жыл өтіп кетті. Бірақ «бая­ғы жар­тас – сол жартас». Аудан­ның атын ауыс­тыру ісі неге көпке со­зы­лып кет­кенін об­лыстық тілдерді дамыту бас­қар­масының бастығы да түсінбей әлек.
Кемел ОСПАНОВ, Солтүстік Қазақстан об­лыстық тілдерді дамыту бас­қар­ма­сының бастығы:
– Біз өзіміздің қолымыздан ке­летін жұмыстардың барлығын ат­қар­дық. Тұр­­ғындардың қолдарын жинап, мәс­ли­хаттың шешімін қо­сып, Үкімет жа­нын­да­ғы рес­пуб­ли­калық оно­мас­ти­ка­лық ко­мис­сия­ның қарамағына тап­сыр­дық. Енді ешқандай кедергі көріп отыр­ған жоқ­пын. Бірақ ономастикалық ко­мис­сия игі істі кешеуілдетумен ке­ле­ді. Сұра­сақ, «сайлауға бай­ла­ныс­­ты атау­лар­ды өз­гертуге мо­ра­торий жа­рия­лан­ған» дейді. Ол қай­­дағы мораторий? Жақында ғана облыстық мәслихатта бірнеше ел­­ді­ мекеннің атауын өзгерттік. Еш­кім «мо­раторий жарияланған, ауыс­­­­тыр­маң­дар» демеді. Сон­дық­тан Тими­рязев ауданына Сәбит Мұ­қа­новтың есімін не себепті бермей отыр­ғанын мен білмеймін.

Аудан жайлы ақпар
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Тимирязев ауданы 1963 жылдың 2 қаңтарында құрылған. Аудан орталығы – Тимирязево ауылы. Территориясы – 4,51 мың шаршы километр. Аудан аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін – 96 шақырым, батыстан шығысқа дейін – 71 шақырым. Облыс орталығынан 236 шақырым қашықтықта жатыр. 16 ауылдық округ, 25 елді мекеннен тұрады. 2011 жылдың қаңтарындағы мәлімет бойынша 13 542 адам тұрып жатыр. 43,0 пайызы (5,8 мың адам) – қазақтар, 41,5 пайызы – (5,6 мың адам) орыстар, 9,0 пайызы – (1,2 мың адам) украиндар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста