«Тілдарын – 2013» олимпиадасы мәресіне жетті

Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама бас­қар­­масы Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қол­да­ну­дың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жө­­ніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес және басқарманың 2013 жылға ар­­нал­ған жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында бірнеше тілді мең­гер­ген жастар арасында «Тілдарын – 2013» қалалық олимпиадасын өт­кіз­ді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тіл сая­сатын кеңінен насихаттау, қазақ тілінің қол­данылу аясын кеңейту және дарынды жас­тарға жан-жақты қолдау көрсету. Олимпиаданың міндеті – жастардың қа­зақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуін ынталандыру.
Дәстүрлі сайысқа қазақ, орыс және ағыл­шын тілдерін еркін меңгерген 18-25 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Олим­пиада таңдаған тақырып бойынша тұ­саукесер өткізу; берілген тақырып бо­йын­ша эссе жазу; берілген мәтін бойынша ілес­пе аударма жасау кезеңдерінен құ­рыл­ды. Үміткерлердің тілдерді меңгеру дең­ге­йіне, білікті аударма жасауына, жауаптың маз­мұндылығы мен ерекшелігіне мән берілді.
Олимпиадаға құрметті қонақ және кө­рер­мен ретінде мемлекеттік мекемелердің рес­ми өкілдері, ғалымдар мен ақын-жазу­шы­лар, өнер қайраткерлері, үкіметтік емес ұйым­дардың жетекшілері мен БАҚ тіл­ші­лері, студент жастар мен оқушылар ша­қырылды.
Олимпиаданың қазылар алқасына ау­дар­ма ісінің білікті мамандары, белгілі ға­лым­дар енді. Абай атындағы Қазақ ұлттық пе­дагогикалық университетінің оқы­ту­шы­лары: кәсіби шетел тілі кафедрасының мең­герушісі, доцент Бақытгүл Ер­дес­бай­қы­зы, профессор, филология ғылымының док­торы Ыспандияр Ақайұлы, журналист, ау­дармашы, «Дарын» Мемлекеттік сый­лы­ғы­ның лауреаты Ақсұңқар Ақынбабақызы, Қа­зақ еңбек және әлеуметтік қатынастар ака­демиясының профессоры Ерсайын Мы­шанұлы, Ш.Уәлиханов атындағы № 12 мек­тептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Жанна Пі­рәлиевалар сынды қазылар әділ төрелік етті.
Сайысқа түскен үміткерлер арасынан ой­ды үш тілде жеткізе білуі мен аударма жасау қабілетіне қарай үш кезеңнен өткен жеті үміткер іріктеліп алынды. Олардың ішінен ерекше қабілетімен танылғандар ашық дауыс беру арқылы анықталды.
«Тілдарын – 2013» қалалық олим­пиадасының қазылар алқасының мүшелері сайысты қорытындылай келе, байқаудың ережесінде белгіленген шарттар мен талаптар бойынша сыннан сүрінбей өткен жеті үміткер туралы өз ойларын білдірді. Әр қатысушының тапсырмаларды орындау деңгейін жеке-жеке талқылай келе тө­мен­дегідей шешім қабылдады.
М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гим­назиясының оқытушысы Әсем Қаш­қынбекова I орынды иеленсе, II орын Ме­деу ауданы Халықаралық Бизнес ака­демиясының оқытушысы Салтанат Құ­дай­бергеноваға бұйырды. Халықаралық ақ­параттық технологиялар университетінің мұ­ғалімі Жаннұр Манапбаева III орынды қа­нағат тұтты. Өзге қатысушыларға алғыс­хат­тар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Олимпиаданың барлық кезеңінен cү­рінбей өтіп, жеңімпаз атанған Әсем Қаш­қын­бекова «Тілдарын-2013» рес­пу­бли­калық олимпиадасына жолдама алды. «Тіл­дарын-2013» республикалық олим­пиадасы ағымдағы жылғы 31 қазан-1 қараша аралығында Бурабайда өтті. Ал­ма­ты қаласының атынан сайысқа түскен Әсем Қаш­қынбекова өзіне жүктелген сенімді ақ­тап, республикалық «Тілдарын» олим­пиа­дасында бас жүлдені иемденді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста