The Spirit of Tengri-дің альбомы жарық көрді

The Spirit of Tengri-дің альбомы жарық көрді

The Spirit of Tengri фестивалінің DVD және СD жинағы жарық көрді. Алғашқысы биыл жазда Алматыда өткен гала-концерттің толық бейненұсқасы болса, фестиваль қатысушыларының өзге де таңдаулы шығармалары аудиожинаққа еніп отыр.
Қазіргі заманғы этникалық музыканың Алматыда өмірге келген тұңғыш халық­аралық фестивалі елімізде Сібір, Саян, Алтай мен Алатаудың арасындағы түбі бір халықтардың өнеріне деген қызығу­шылықты арттырды. Мәдени жобаға қатысқан музыканттар шығармашылы­ғымен әуес­тенушілердің қатары көбейді. Бірақ The Spirit of Tengri әуендерінің дербес аудио және бейнежинақтары болмаған еді. Продюсерлер тыңдармандар сұраны­сын дер кезінде ескерді. Енді қазіргі заман­ғы этникалық музыканың тұңғыш фести­валінің толық бейненұсқасы мен осы бағыттағы композициялардан тұратын альбомды еліміздің музыкалық дүкендері­нен табуға болады. Альбом Meloman Grand дүкенінде ресми түрде танысты­рылды. Салтанатты шараға Башқұртстаннан «Арғымақ» этно-рок тобы, Саха елінен әйгілі шаңқобызшы Юлияна, заманауи этникалық музыканың отандық алыбы – «Роксонаки» тобы, электр домбыраны өмірге әкелген «Алдас­пан» тобы және The Spirit of Tengri-дің басқа да қазақстандық қатысушылары арнайы келіп, өнерлерін тарту етті. Ал бұдан соң The Guns & Roses барында релизді қолдауға арналған концерт өтті. Бұл жерде де Юлия­на мен «Арғымақ» өнер көрсетті. Башқұрт музыканттары фести­вальдың гала-кон­цер­тінде орындаған халық әндерімен, регги, джаз, ауыр рок сияқты түрлі жанр­лармен өңделген автор­лық шығарма­ларымен кешке ерекше әр берді, сондай-ақ елестер жайлы әйгілі мультфильмнен таныс Ghost­busters және Boney M. тобы орын­дайтын Rivers of Babylon суперхиттерімен жинал­ғандарды жақсылап билетті. Ретро әндер орындау кезегі кештің соңына қарай тағы бір арнайы қонақ – жергілікті Roxy Band вокалды-аспаптық ансамбліне тиді.
Жан Қастеев, Tengri FM радиосының бас продюсері:
– Жоба радиостансынікі ғана емес, ол – cоның басы-қасында жүрген музы­канттардың да жұмысы. Бұл фестивальға қатысқандар арқылы біз мәдениеті, тұрмысы, дәстүрі бір халық екенімізді көрсеткіміз келді. Келешекте осы бағытта қолға алатын жұмыстарымыз көп, түркі тілдес халықтар мәдениетінде көп нәрсе ұмытылды, сондықтан қазіргі заманда бұл халықтардың рухани жағынан жақындаса түсуі, қарым-қатынас жасауы көп ақтаң­дақтың орнын толтырады деп сенемін. Келер жылы фестивальдың ауқымы кеңе­йеді, айталық, оған Эквадордан музыкант­тар қатысқалы отыр. Мұндай мүмкіндік «Алдаспан» тобының жетекшісі Нұржан Тойшының арқасында пайда болды.

Ринат Рамазанов, «Арғымақ» тобы­ның көркемдік жетекшісі әрі солисі:
– Біз Қазақстанға қуана-қуана келеміз, бізді әрдайым жылы қабылдайды. Қонаққа шақырғанда мәз боламыз. Фестивальды ұйымдастырушыларға рақмет, өз елімізге қонақ шақырғаннан білеміз, бұл – өте ауыр жұмыс. Дискінің шығуы этникалық музыканы дамытуда белгілі бір жұмыстың атқарылғанын білдіреді, ол өткеніміздің, бүгініміздің және келешегіміздің қандай екенін межелеуге мүмкіндік береді. Фестиваль өтті, енді ол ұмытылмайды, ол тарихта осындай жинақ түрінде қалады. The Spirit of Tengri композициялары осы формада әлемдік нарыққа таралады деп ойлаймын. Біз бұл жобаны әрқашан қуанышпен қолдауға әзірміз. Фестиваль ұзақ жасап, ұрпағымызға қалады деп сенемін. Қанымыз бір, ағайын халықпыз, сондықтан жаһандану заманында қазақ­пен туыстығымызды сақтай бермекпіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста