Тезiрек күлкi тауып берiңiзшi!

Бүгiн – сәуiрдiң 1-i. Басқаны қайдам, әйтеуiр, басылым бiткен бұл кезде ұйқысынан селк етiп оянғандай «бiрдеңе табыңдар, күлкiлi болсын, пәленшенiң қалжыңын, түгеншенiң әзiлiн алдырыңдар, бiздiң басылымның күлкiсi басқанiкiне ұқсамайтын болсын» деп бiр жанығып қалады.
Әр редакцияда әшейiнде елдiң езуiн жидырмайтын қутiлдi қызметкер болады, негiзгi ауыртпалық сол «қуға» түседi. Бастық айтқан соң, не тұрыс, ол да жаналғышқа ұқсап бұл күнi жан-жаққа телефон шалып, «әке-көке» деп күлкi iздейдi. «Әлеу, пәлен газеттегi түгенше дейтiн iнiңiз ғой, аға! Ертең күлкi күнi ғой, соған өзiңiздiң бiр шағын әңгiмеңiз керек болып тұр. Оқырманды шалқасынан түсiретiн күлкiлi болсыншы, аға!» – дейдi жаңағы «қу» телефон тұтқасына жымиып тұрып. Күлесiз бе, күлмейсiз бе?
Сондай тапсырыс соңғы үш-төрт жылда менi де көп төңiректеп жүр. Сәуiрдiң бiрiне бiрнеше күн қалғанда телефоным шар ете қалады.
– Әлеу?
– Қанеке, күлкi керек!
– Қандай күлкi?
– Керемет әрi күштiсi!
Сосын отыра қалып, күлкi iздеймiн. Ол керемет және күштi болуы керек! Жалпы, «керемет және күштi күлкi» деген қандай болады өзi?! Шынымды айтсам, нақты бiлмейдi екенмiн. Дереу әлгiнде телефон шалған жiгiтке хабарласамын. Ол да бiлмейтiн болып шығады. Сосын бiрдеңе табылып қалар деп теледидарды қосамын. Iлiп аларлық түк жоқ. Жаңалықтарды тыңдаймын. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары мен Қорғаныс министрлiгiнiң өкiлi журналистермен баспасөз мәслихатын өткiзiп отыр. Тақырып – Арыстағы қару-жарақ қоймасындағы жарылыс туралы. Журналистер ақпарат алғысы келiп, «шындықты айтыңдар» дейдi. Екi шенеунiк «айтпаймыз» дейдi. Министрлiктiң өкiлi: «Арыс маңында осындай екi-үш құпия қойма бар. Мемлекеттiк құпия болғандықтан, ол туралы ақпарат бере алмаймыз!» – дейдi үзiлдi-кесiлдi. Тоқта! Сол да мемлекеттiк құпия ма екен?! Күлесiз бе, күлмейсiз бе?
Дәп осылай деп жазып апарсам, газетке басар ма екен? Әй, баспайды-ау. Өйткенi бұл мемлекеттiк құпия ғой?! Арыс қаласының маңында өзi екi-үш құпия қойма болса, оны жан баласына сездiрмей, құпия ұстай бiлмесек, оның несi мемлекеттiк құпия? Көңiлiм құлазып, күлкiлi бiрдеңе шығып қалар деп жазған-сызғандарымды ақтарамын. Дерек керек. Мiнекей, мұнда былай дептi. «Робинзон Крузоның» авторы Даниел Дефо өзiнiң сатиралық мақаласы үшiн 1703 жылы абақтыға кесiлген. Қала орталығындағы «мазақ бағанында» ол тәулiктеп керулi тұрды. Өткен-кеткендер оның бетiне түкiруге тиiс едi. Билiктiң шығарған заңы сондай. Қалам ұстап, сыни мақала жазғаны үшiн қаһарға ұшыраған Дефоның жасы сол кезде қырық үште екен». Манағы шенеунiктер туралы күлкiлi әңгiме жазбақ болған ойымнан айнып қаламын. Дефоға ұқсатып керiп қойса, қайтем? Шынында да, егер бiзде де сатиралық мақала үшiн Орталық алаңға салбыратып керiп қойса, не болар едi, ойлап көрiңiзшi...
Алаңда тұрсыз Иса құсап керiлiп. Өткен-кеткендер тұра қалып, қалта телефонының камерасына сiздi түсiрiп алып жатыр. Бiр-бiрiнен күбiрлеп: «Е, мынау әлгi кiм емес пе? Мұны не үшiн керiп қойған?» – десiп сұрап қояды. Араларындағы көзiқарақты бiрi сiздiң сатиралық әңгiме жазамын деп жазаға ұшырағаныңызды айтады. Дереу бәрi сол мақала жарық көрген газеттi iздеп кетедi. Бiраздан соң журналистер келедi фото-бейнекамераларын арқалап. Сiзден сұхбат алмақшы болып сұрақ қоя бастайды. Мақала жазамын деп осындай халге тап болған басыңыз мұндайда «мәу» деп дыбыс шығарасыз ба?! Үндемейсiз. Сол маңда жүрген бiлгiштерден сiздiң бұл күйiңiздiң төркiнiн ести сала, олар да әлгi газеттi iздеп кетедi. Артынша оппозиция өкiлдерi сау ете қалады. Олар да сiздi суретке түсiрiп, өткен-кеткеннiң қолын жинап, шетелдiк адам құқығын қорғау ұйымдарынан ақша алу үшiн асығыс кетiп қалады. Ал сiз қала бересiз салбыраған қалпы. Күлкiлi ме, күлкiлi емес пе?..
Миыңызды сығып, жаныңызды жеп, күлкi iздеп отырасыз. Күлкi жоқ. Күлкiлi оқиғаның орнына ойыңызға қай-қайдағы аянышты фактiлер келедi. Мәселен, мысал жанрының атасы – Эзоп жоқшылықтың зардабын тартқаны соншалық, өзiн-өзi құлдыққа сатып жiберген. Сол кезде Эзобыңыздың жасы небәрi отызда екен. Оның мысалдары бүгiнге дейiн құнын жойған жоқ. Өзi бүкiр, өзi мылқау Эзоп елдi күлдiрейiн деп ойлады дейсiз бе?! Құлдардың бәрi өздерi бүлдiрiп қойған шаруаны Эзоптан көре берген соң, ызадан булыққан оның тiлi шығып кеткен. Содан берi әлi күнге сол тiл бәрiмiздi күлдiрiп келе жатыр...

Кай Юлий Цезарь өз әскерiне қару-жарақтарын алтынмен аптап, күмiспен күптеуге, қылыштарының балдағына қымбат тас орнатуға әмiр берген. Оның ойынша, бағалы қару асынған жасақ шегiнсе де, қолынан қымбат қаруын тастамайды. Шынында да, солай болып шыққан. Кайдың әскерi өлсе де, қолындағы қаруынан айырылмаған. Қолынан қаруы түспеген адам жеңiле ме екен?! Цезарьдың да әскерi көбiне жеңiске жетiп отырған.
Бiзде де ақын-жазушылар сатира жазып бастайды да, кейiннен прозаға, поэзияға ауысып кетедi. Оны айтасыз, жап-жақсы ақын болып жүредi де, не депутат болып кетедi, не сарай ақыны болып шығады. Сондықтан да сатирамен көзге түсе бастаған жастардың қолына алтын сапты қаламсап, күмiс қорапты ноутбук берiп қою керек. Сонда да ақын-жазушылар мансап қуып кететiн болса, онда оларды әдебиет майданына шықты деп есептемеу керек!

«Фигароның үйленуi» пьесасынан кейiн Бомаршенi тұтқындап, түрмеге жапқанын бiлесiздер. Людовик ХVI карта ойнап отырып, Бомаршенi тұтқындау туралы үкiмдi жетiлiк қарғаның шетiне жаза салған.
Сатириктердiң де көзiн құрту үшiн шенеунiктер мен соттар казинода отырып, доллардың шетiне үкiм жазып жiберген дейдi. Қуанышқа орай, сол «үкiмдер» әлi күнге табылған жоқ. Бәлкiм, бiреулерге пара болып кеткен шығар...

«Робинзон Крузоның» авторы Даниел Дефо өзiнiң сатиралық мақаласы үшiн 1703 жылы жазаланған. Қала орталығындағы «мазақ бағанында» ол тәулiктеп керулi тұрды. Өткен-кеткендер оның бетiне түкiруге тиiс едi. Билiктiң шығарған заңы сондай. Сол кезде Дефоның жасы қырық үште екен.
Егер бiзде де сатиралық мақаласы үшiн сатириктердi Орталық алаңға салбыратып iлiп тастаса, не болар едi? Құдай сақтасын деп айтайық, дегенмен ондай жағдай болса, онда өткен-кеткен жұрт қалта телефондарының камерасына түсiрiп алып, оқушылар тегiн «приколға» қарық болған болар едi.
Жiбi түзу тақырып таппай жүрген саяси партиялар мен журналистерге де бiр апталық азық табылар едi. Iлулi тұрған сатириктiң маңында саяси партиялар күнде митинг ұйымдастырып, әшейiнде көшеге шықпайтын жұрт алаңшыл болып кетер едi. Кемпiр-шал немерелерiн жетектеп әкеп, «әне, анау – пәленше деген сатирик, өлiп қалмай тұрып жақсылап қарап ал» дер ме едi?!.

БАЙЛАМ
Сiз де тарығып жүрсiз. Бiрақ Эзопқа ұқсап өзiңiздi құлдыққа сата алмайсыз. Қаржылық дағдарыс өз алдына, күлкi дағдарысы алқымнан алып, қылғындырып тұр. Қайткенде де күлкiлi бiрдеңе табу керек. Тапсырыс солай. Және анау-мынауын емес, кереметiн әрi күштiсiн!
Неге осы бiз не нәрсенiң болсын ең кереметi әрi күштiсiнiң қандай болатынын бiлмесек те, сол керемет пен күштiге ие болғымыз келiп тұрады? Осы күнiмiздiң өзi керемет әрi күштi емес пе?!.
Күлсек те, күлмесек те, керемет әрi күштi болып жүре берейiкшi!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста