Техникалық университеттегі толымды істер

Биылғы оқу жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттері үшін жақсылыққа толы болды. Жыл басынан бері оқу орнында көптеген іс-шара өтті. Сол атқарылған игілікті істердің барлығы да университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Г.Ә.Сәрсенбекованың тікелей басқаруымен жүзеге асты.
Қандай күрмеуі қиын мәселе болса да, «сары майдан қыл суырғандай» іскерлік­пен шеше білетін басшының ұйымдасты­руын­да жыл бойы жаңа форматтағы кез­десулердің, берері мол мерекелік кештер­дің, тың бастамалардың куәсі болдық. Сол жиындардың барлығында да жатақханада тұратын студенттер белсенділік танытты. Студенттердің басын біріктіріп, әрбір жас­тың талантын танып, жұғымды істерге жұ­мыл­дыра білген жастар ұйымдарымен жұ­мыс жөніндегі бөлімнің бастығы Арайлым Өмір­бекованың да еңбегі ерен.
Бірінші курс студенттеріне арналған тұ­сау­кесер кеші естен кетпес ерекше оқиға болды десек, артық айтқандық болмас. Кеш барысында жүз мыңнан аса инженер-мамандар даярлап шығарған оқу орнының 78 жылдық тарихы кино таспасындай көз алдымыздан өтті. 1934 жылдың қыркүйе­гі­нен бастап күні бүгінге дейінгі универси­тет­тің бағындырған белестері мен алған асулары жіпке тізгендей көрсетілді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өткізілген «Ең­бегім – елім үшін» форумы да біз үшін тың жаңалық болды.
Жаңа жыл басында университет рек­торының жастармен кездесуі өтті. Кездесу барысында ректор мен студенттер Skype ар­қылы сұхбаттасты. Оқу ғимараттары мен жатақханаларда отырған студенттер тікелей телекөпір барысында университет ректоры Жексенбек Мәкейұлына өзекті са­уалдарын қойып, тұшымды жауаптар алып жатты. Тың идеялар да тыңдалды.
Университетімізде өткен ғасырдың 60-­жылдары құрылып, Алматы қаласын­дағы жоғары оқу орындарында білім алып жүрген бірнеше дарынды жастың басын қосқан «Бәйшешек» әдеби бірлестігінің тұң­ғыш студенттік альманағы жарық көрді. Қазақ әдеби өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар Медеу Сәрсеке, Ұлық­пан Сыдықов, Иран-Ғайып, Қасым­хан Бегманов, Бауыр­жан Қарабек, секілді таланттарды ұшырған бірлестіктің жұмысы үстіміздегі жылы жаңа қарқын алды. Шығармашыл жастарға ша­быт берер студенттік альманах алдағы уа­қытта жүйелі түрде шығарылып тұрмақ.
Университет техникалық білім беретін оқу орны болса да, студенттер арасында әде­биетке, өнерге жақын жастар аз емес. Сол жастардың рухани сұранысын қана­ғат­тандыру мақсатында барлық жатақ­ха­нада кітап бұрыштары ұйымдастырылды. Сөрелерде қазақ классиктерімен қатар, әлем әдебиетінің де озық туындылары орын алды. Сонымен бірге қазақтың бас ақы­ны Абай Құнанбайұлына арналған «Абай оқулары», Мұқағали Мақатаевқа арналған «Бүгін – менің туған күнім» атты мерекелік кештері жырсүйер студенттерді бір серпілтіп тастады.
«Машина жасау» мамандығының 4-­курс студенті Боранбеков Алтынбектің ұй­ытқы болуымен Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) өнегелі өмірін жастарға таныстыру мақ­сатында «Адамзаттың ардақтысы» ат­ты діни кеш өткізілді.
Елбасы атап өткен бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптас­ты­ру бағытында жатақханада тұратын қыз-­жігіттер арасында спартакиада ұйым­дас­тырылды. Спорттың бірнеше түрінен өт­кізілген сайысқа екі мыңнан аса студент қатысты.
Биылғы 8 Наурыз мерекесі де жылда­ғыдан ерекше болды. Университеттің қо­ғам­дық-мәдени өміріне белсене ара­ласып жүрген 21 студенттің анасына рек­тор Ж.М.Әділовтің алғысхаттары жол­данды.
Сондай-ақ тұңғыш рет өткізілген «Қаз­ҰТУ Оскары» студенттік байқауы оқу, спорт, өнер секілді түрлі салада топ жарып жүр­ген жүйріктердің ішінен мықтыларын анықтады. Жеті номинация бойынша өт­кен жарыста оза шауып, бәйге алған­дар­ға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Қазіргі кезде оқу орнымызда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне қызу дайын­дық жүріп жатыр. Қазақ ұғымында жаңа жылдың басы саналатын бұл күн біздің уни­верситетіміз үшін игі істерге толы бол­ғалы тұр.

Гүлнәр ХАСЕНОВА, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ қызметкері

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста