Театр жас драматургтерді күтеді

Театр жас драматургтерді күтеді

Театрдың 87-маусымы ашылған тұста театрлардың сауатты да тың, тілі көркем, ойы орамды драматургиялық шығармаларға зәру екендігі айтылды. Жыл сайын елде драматургиялық еңбектерге арналған әртүрлі байқаулар ұйымдастырылып, жас қаламгерлердің қатысуымен пьеса жазу мәселелері талқыланады.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ акаде­мия­лық драма театрының режиссері Әбу­бәкір Рахимов та театрдағы драмаларға жас қаламгерлердің қолтаңбасы ауадай қажеттігін айтты. Режиссер қазір рес­пуб­лика бойынша жас драматургтерге арнал­ған конкурстардың жиі өткізіліп тұра­тын­дығын, ол байқаулардан орын алған пьесалардың барлығының сахналатынын айтты. Театр сыншысы, мәдениеттанушы Әлия Бөпежанова қазіргі драматургтерге жаман қаламақы төленбейтінін, жазамын деген жастармен театрдың жұмыс істеуге дайын екендігін мәлімдеді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбубәкір Рахи­мов сондай-ақ бірқатар проблемаларды да тілге тиек етті. «Біз жазамын деген жастардың басын қосып әңгімелескенде, жастардың алдымен айтқаны «Қанша төлейсіз?» деген сұрақ болды. «Алдымен жазып алып келші, қалқам. Содан соң ақылдасайық, көрейік, талқылайық десек, «дұрыс ақшасы болмаса несіне жазамыз?» деген пікірді айтады», – дейді. Жалпы, драматургияның өте ауыр жанр екендігі белгілі. Тіпті кейде драматургия жазып жүрген аға жазушылардың өздерінің аузынан «Осы драматургияға кеткен уақы­тымда бір роман жазып-ақ тастар едім» дегенді еститін кездер болады. Халық­ара­лық «Алаш» сыйлығының лауреаты Әлия Бөпежанова Ресейде үлкен дра­ма­тур­гиялық лаборатория қалыптасқанын, бізге де осындай тәжірибе керек екендігін айтты. Ал әртіс Шынар Жанысбекова Әуе­зовтің, Мұқановтың, Мүсіреповтің тіліндей шұрайлы сөйлейтін кейіпкерлерді сом­дауды асыға күтіп жүргенін жеткізді. «Классиктердің кейіпкерлерінің өміршең­дігі де, кейіпкерлері бейнелерінің шоқ­ты­ғы­ның биіктігі де олардың тілінің көркем­ді­гінде еді.

Біз қазіргі жас қаламгерлерден осындай бейнелерді асыға күтеміз», – деді актриса. Академиялық театр сонымен қоса, үкіметтік бағдарлама негізінде ша­ғын қалаларды, алыс шалғай елді мекен­дерді аралау бағытын ұстанып, биылғы жазда Қазақ­станның көптеген елді мекен­дерін аралап қайтты. «Халықтың өнерге сусап отыр­ғанына куә болдық. Алыс аудан­дардағы қарапайым халық алға­шында «біз театрдың корифейлерін көргенбіз» деп менсініңкіремей отырға­ны­мен, талайдан бері театр әртістерін көрмей, әбден са­ғы­нып қалғандарын жасырмады. Әр әртіс шыққан сайын қол соғып, ыстық ықы­ластарын білдіріп жатты. Бұл қазақтың төл өнерінен алыстап кетіп, сонымен қайта та­бысуға асығып отырғанын көрсетеді», – дейді театр әртістері. Мұхтар Әуезов атын­дағы Қазақ академиялық театры қазан айында екі үлкен мерекелік іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.  Оның бірі – Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков шығар­ма­шылығына арналған «Исабеков әлемі» атты театр фестивалі. 10-16 қазан аралығында өтетін фести­вальда шет мем­лекеттерден алты театр, республикадан алты театр – барлығы 12 театр өнер көр­се­теді деп күтілуде. Бұл күндері М.Әуезов театры сахнасында күніне екі қойылымнан көрсетілетін бола­ды. Театрда қойылымдар жүріп жатқан кезде аталмыш театр жақын маңдағы Қаскелең, Талғар, Қапшағай, Есік қала­лары мен Ұзынағаш, Шелек ауыл­дарында спектакльдер қоюды жоспарлап отыр. Ал 21-28 қазан аралығында Қазақ­стан және Орта Азия респуб­ли­каларының IV Халық­аралық театр фестивалі өтеді деп жос­парлануда. Оған Башқұрт, Қырғыз, Өзбек­стан, Татарстан тағы да басқа елдер театр­лары  қатыспақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста