«Театр көктемі» фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

kaztrk.kz

Қазақтың біртуар дарын иесі Шәкен Айманов:  «Театр адамның өзін өзі сахнадан көріп, өзін өзі түсінетін орын» деп қасиетті сахна өнеріне үлкен баға берген еді. Иә, театр – адамның жан сарайын рахатқа бөлейтін тұғыры биік өнер. Бүгін – халықаралық театр күні. Сонау 1961 жылдан бастап атап өтілетін театр күні тек театр қызметкерлерінің ғана емес, барша өнерсүйер қауымға ортақ мереке. Айтулы мерекеге орай еліміздегі театр ұжымдары өздерінің кәсіби меркелерін тойлауда. Таяуда «Алаш айнасы» әкемтеатрда өткен «Театр көктемі» фестивалі туралы ақпарат берген еді. Енді осы фестивальдың жеңімпаздарын біле отырыңыздар. 
Жыл сайын Наурыз мерекесі мен Халықаралық театр күні қарсаңында өткізілетін «Театр көктемі-2014» фестивалінде 4 спектакль жарысқа түсіп, үздіктер анықталды. Биылғы фестиваль театр сахнасының анасы атанған Сәбира Майқанованың 100 жылдық мерейтойына арналды.  «Театр көктемі-2014» фестивалінде әділ қазылар шешімімен үздік қойылым аталымын А.Чеховтың Рубен Андриасян сахналаған  «Апалы-сіңлілі үшеу»  спектаклі жеңіп алды, үздік  режиссура жүлдесі «Таңсұлу» спектакілінің режиссері Алма Кәкішеваға бұйырды. Үздік стенография жүлдесі де осы қойылымның суретшісі Қабыл Халықовқа берілді.
Үздік әйел бейнесі жүлдесімен «Апалы-сіңлілі үшеу» қойылымындағы Ольга рөлі үшін Данагүл Темірсұлтанова, үздің дебют жүлдесін Таңсұлу образы үшін Салтанат Бақаева  иеленді. «Қас-қағым» қойылымындағы Сәбит бейнесі үшін актер Азамат Сатыбалдыға үздік ер адам бейнесі жүлдесі берілді. Екінші кезектегі әйел адам бейнесі үшін «Таңсұлу»  қойылымындағы  бәйбіше образы үшін Гүлшат Тұтова, екінші кезектегі ер адам бейнесі жүлдесін «Бейбарыс» спектакліндегі Қалауын рөлі үшін Еркебұлан Дайыров марапатталды. 
Азамат САТЫБАЛДЫ, актер:
– Үздік ер адам рөлі үшін жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Бұл тек менің ғана жеңісім емес, Сәбит образының жеңісі, «Қас қағым» спектакілінің, осы қойылымда ойнаған менің әріптестерімнің жеңісі деп білемін.

Еркебұлан ДАЙЫРОВ, актер:
– «Театр көктемі» өз арамыздағы үлкен бәйге. Бұл актерлер мен режиссерлерге шабыт беріп, алда талай биік белестерге жетелейді, ынталандырады. Өз басым жүлде туралы тіпті ойлаған да жоқпын. Ең бастысы біздің халық алдындағы еңбегіміздің жанғанына қуаныштымын.

Шығармашылық өзіндік жұмыстар аталымы бойынша үздік би жүлдесімен Гүзел Мұхаметжанова, Ләйлә Тілеуова, Мадина Келгенбай марапатталса,  үздік ән жүлдесі Гүлнұр Шыңғысова  және Алмас Шаяхметовке бұйырды. Театр өнеріне ақпараттық қоллдау көрсетіп жүрген бұқаралық ақпарат құралдары да жүлдеден құралақан қалған жоқ.
Халықаралық театр күні мерекесіне орай бүгін М.Әуезов атындағы мемлекеттік  академиялық драма театрда  «ЕҢЛІКГҮЛ-2014» Театр өнерінің Кәсіби Сыйлығымен марапаттау рәсімі өтеді.  Марапаттау салтанаты туралы, жеңімпаздар жөніндегі ақпаратты алдағы уақытта «Алаш айнасынан» толық оқи аласыздар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста