Тахауи тағылымы

Бүгін сағат 16:00-де Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде қазақтың көрнекті қаламгері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Тахауи Ахтановты (1923-1994) еске алуға арналған «Шырағың сөнбесін» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді.


Қазақ әдебиетінің қалыптасып, дамуы­на айтарлықтай үлес қосып, проза жан­рында өзіндік қолтаңба қалдырған жазушы мұрасын ұрпаққа жеткізіп, насихаттауды мұрат етіп отырған бұл кешке белгілі ақын-жазушылар, әдебиетші ғалымдар мен өнер­паздар қатысады.
Тахауи Ахтанов Ақтөбе облысының Шал­қар ауданы, Шетырғыз ауылында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мем­лекеттік педагогикалық институтына оқу­ға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әде­би көркем шығармалары өлең, очерк тү­рінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан боса­ғаннан кейін әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері «Жастар дауысы» деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көр­ді. Осы кезде оның әдеби сын мақа­ла­лары молырақ басылып, алғашқы моно­гра­фиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де жазушының өнімді де жемісті ең­бек еткен жанрлары – проза мен драматургия.
Жазушының баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі – «Күй аңызы». 1956 жылы «Қаһарлы күндер» атты романы жарық көрді. «Дала сыры» повесі үшін авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атын­дағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. «Махаббат мұңы», «Күтпеген кездесу» драмалары, «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары қазақ, орыс және туыс­қан халықтар сахнасында көрінді.
А.Толс­тойдың «Азапты сапарда» трилогия­сын, М.Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
Көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы, «Әдебиет және искусство» – «Жұлдыз» журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, Республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет «Қызыл Жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту», «Құр­мет белгісі» ордендерімен марапат­тал­ған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста