Тәуелсіздік – ер мұраты, ел арманы

Тәуелсіздік – ер мұраты, ел арманы

Дәл осындай тақырыппен Абай ауданында күні бүгінге дейін түрлі игі шаралар атқарылды. Аудан әкімінің шешімімен өтіп жатқан ауыл, мекеме күндерінің кезегінде Архат, Құндызды ауылдарының өнерпаздары өнер көрсетті. Екі ұжым да аталған тақырыпты ашуға өзінше үлес қосып, шығармашылық ізденіспен келіпті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Архат ауылының өнерпаздары тамаша сахналық киімімен ерекшеленді. Көркемсөз оқушы Р.Төлеужанқызының Тәуелсіздік тақырыбында оқыған шығармасы, балалар хоры, қыздар тобы орындаған әндер көрермендер көңілінен шықты. Концерттік бағдарламаны, музыкалық композицияны дайындауға өнерпаз, ауыл мәдениетінің ұйытқысы А.Имашеваның ерекше еңбек сіңіргенін айта кеткен орынды болар.
Баспасөз қызметіндегілердің мәліметіне сай, бүгінде Құндызды ауылында жаңа мәдениет үйі жұмыс істейді. Онда халық театры, саз мектебінің бөлімшесі бар. Өткен жылы республикалық деңгейде құндыздылықтар «Халық театры» атағын абыроймен қорғады. Ал биылғы байқауға ауыл өнерпаздары жан-жақты дайындықпен келген. Фольклорлық ансамбль, дәстүрлі ән, жанұялық ансамбль, Шәкір Әбенов әндерін орындау шеберліктерімен ерек­шеленді. Экран арқылы осыдан 20 жыл бұрын Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевты ұлықтау салта­натында абыз ақын, Шыңғыстаудың қадірменді қариясы Шәкір Әбеновтің бата беру сәті көрсетіліп, халықты тебірентті. Құндыздылықтар концерттік бағдар­ламаның аяқталуына да айрықша мән берген. Қысқы Азия ойындарының алауын жағуға қатысқан қазақ күресінен әлем чемпионы Айбек Нұғымаров бастаған спорттық костюм киген жастар сахнада Азиада алауын жағып, жиналған жұртшылықтың рухын биіктетті.
Байқау мақсаты – Тәуелсіздік жылдарындағы жетістік­терді насихаттау, көркемөнерпаздар шығарма­шылығын дамыту.
Дәстүрлі байқау шымылдығын аудандағы білімнің қара шаңырағы – Абай атындағы мектеп-лицейінің ұжы­мы ашқан еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста