Тәуекел Мүсілім өзінен 11 жас кіші сүйіктісінің суретін көрсетті (фото)
Көпшілік Тәуекел Мүсілімнің сүйіктісі Жанар Дұғалова немесе Гүлназ Жоланова деп ойлап жүргенде, актер өзгеше мәлімдеме жасады. Ол жүрегін жаулаған арудың өнер әлемінен алыс екенін айта келе, өзінен 11 жас кіші екенін де жасырмады. Қыздарды өзіне ғашық ететін серінің сүйгенімен түскен суреттері әлеуметтік желіде тарап үлгерді деп хабарлайды NUR.KZ.
Алайда актердің жанындағы сүйіктісін қыздар қауымы сынап тастады.
"18 жастағы қызы осы ма?", "Жас қызды көріп тұрғаным жоқ", "Әдемі қыз құрып қалды ма?", "Басқа, басқа саған қыздар өздері ғашық қой. Мынаны қайдан тауып алдың?", "Тәуекел талғамың онша емес екен", "Жұрттан жасырған қызың осы ма, енді?".
"Одан да маған қарасаңызшы", "Түріне шәй құйып ішпейсіз ғой. Өзіңізге ұнаса болар", "Таңдаған тазға жолығады деген осы", "Сіз айтып отырғанда басқаша елестетіп едім. Сүйген сұлу деген рас екен ғой", - деді желі қолданушылары.
Айта кетейік, бұл суреттегі бойжеткеннің Тәуекел Мүсілімнің сүйіктісі екені немесе өзге қыз екені белгісіз.