Белгілі продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев өзін іздеген Аяна есімді қызбен жолықты. Осыдан сегіз жыл бұрын Есентаев кішкентай қыздың еміне көмектескен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы Бақытбек Есентаев өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
Онда ол өзіне хат жазып, жолыққысы келген Аянамен бірге отыр.
Кездесуге қыздың ата-анасы және Бақытбектің қарындасы Нағима Есентаева да келген.
Тәтті қыз Аяна және оның ата-анасымен кездесу өте жақсы өтті. Аянажан, алға қойған мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін! Сенімен кездескеніме қуаныштымын! — деп жазды Бақытбек Есентаев.
instagram.com/yesentaev_bakytbek_