"Тасмағамбетов" пен “Мәсімовтің” айтысы... (фото)

"Тасмағамбетов" пен “Мәсімовтің” айтысы... (фото)

Көрермен назарына 31 арнадан ұсынылып жүрген “Айтыс алаңы” жобасының жартылай мәресінде қос ақын Рүстем Қайыртайұлы мен Мейірбек Сұлтанқұл сөз жарыстырды. Мәсімов пен Тасмағамбетовтың кейпіне енген ақындардың тартысты бәсекесіне NUR.KZ тілшісі куә болып қайтты.

Жекпе-жек басталысымен-ақ, адуынды Рүстем Қайыртайұлы Иманғали Тасмағамбетов кейпінде жас болса да, найзаға сақ министр екенін баса айтты. 

Президенттің нұсқауымен “босағасы босап кеткен жерге шеге боп аттанған” Иманғали Кәрім Мәсімов кейпіндегі Мейірбекті “Ауырсын қазақ үшін сол басыңыз”, “Мұртыңыз қалың болып тұрса да, жұрттың жүйкесі жұқарды” деп түйреп өтті.

Мәсімовті бейнелеген Мейірбек те қарсыласынан қалыспай, Ақордада жақында Джон Керримен кездескенін алға тартты. Бірақ, айтыскер тығырыққа тірелгенін сездіргендей,”Мәсімовты езе бергенше,аяғыңа мәсі киіп ал” деп сасқалақтап қалды.

Ал Рүстем ақын өз кезегінде көп мәселенің басын қайырды. Ол қазіргі премьердің қазақшаны әлі күнге дейін қағаздан оқитынын бетіне басып, намыс үшін қазақ тілін үйренуге үндеді.

“Суық тиген сәбидің қызуындай, базардың өсіп барады бағасы да”, – деп шындықты жырлады Рүстем. “Мәсімовты” сөзбен сұлатып салған “Тасмағамбетов” жекпе-жек кезінде басымдығын танытып, ел жағдайын түзеу керектігін меңзеп отырды.

Ақынның жырлауынша, жұрт бұрын автоматпен атысса, бүгінде ақпаратпен атысады. Бүгінгілер қорғанысты шабуылмен шатыстырып алды.

Енді бірде өзінің әншілік қабілетін кештерде паш етіп жүрген Тасмағамбетов кейпіндегі Рүстем Мәсімовті сомдап отырған Мейірбекке ән айтуға қолқа салды.

“Төрт ауыз өлең айтып бермейсің бе, шынымен қазақ болсаң түйе мінген” деген ақынның сұрауынан Мейірбек тағы да сүрініп, жеңілгендігін мойындағандай сыңай танытты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста