Тарихымызға тың үлес қосатын жәдігерлер теңгеге жәутеңдеп тұр

Қазақ тарихына сүбелі үлес қосқан жәдігерлер Әулиеата өңі­рінде тіптен көп. Ұлы Жібек жо­лының бойында орналасқан ірі керуен сарайы болған әйгілі қа­ла­шықтардың ашылмаған сыр­лары жетерлік. Барынша зерт­теліп, тың деректері сұрып­тал­ған сол қалалардың әлі де берері мол. Бірақ қаржы тап­шылығы салдарынан тарихи мол мұралардан айырылып қалатын түрі­міз бар. Әсіресе Байзақ ауда­ны­на қарасты Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан Түй­мекент қаласының орны опын­ды­­­рып кеткелі тұрған сықылды. Оған себеп – сол баяғы қаржының жетім­сіздігі. Бұл туралы сәл кейінірек...
Кезінде бұл қаланың атағы жер жарған. Түрлі тарихи аумалы-төкпелі кезеңдерді басынан кешірген әйгілі қалашық кейіннен құм суырған ен далаға айна­ла­ды деп кім ойлаған? Бұл орынды ең алғаш 1894 жы­лы орыс ғалымдары зерттеген. Араға бір ғасыр салып, яғни 1938 жылдары тағы да зерттеу ай­ма­ғына ай­налады. Нәти­же­сінде бірнеше болжам айты­лып, зерт­­теулер жүр­гізілген. 1986 жылы ғалым Карл Бай­пақов­тың жетекшілігімен Ш.Уәлиханов атын­да­ғы Тарих, археология және эт­ногра­фия институ­ты­ның ма­ман­дары қайта зерттеу жүр­гізді. Ал кешенді зерт­теу­л­ер 2000 жылы жүргізіле баста­ды. Осы уақыт­тар­да бел­гілі болғаны – қалашық архи­тек­туралық-ин­же­нер­лік сәулет өнерімен үйлестіріле са­лын­ғаны ар­хеолог­тер­дің өзін таңдай қаққызған болатын. Қаланың төрт бұ­ры­шы дүниенің төрт нүктесімен бағыттас салынған. Ай­­наласы биік дуалдармен қоршал­ған. Қаланы қор­шай салынған қабырғалардың әр бо­йын­да жеті мұнара тұр­ғызылған. Цитадельдің қираған орны қалашықтың ор­тасында болған көрінеді. Рет-ретімен салын­ған үй­лер, арнайы көшелер болған. Қабырға­лары әбден иі қандырылған қам кірпіштен қаланған. Кей жер­лерден ірі кірпіш пахса блоктарының қалдығы табылған. Қала­ның іргетасы берік етіп қаланған. Осы уақытқа дейін бү­лін­бей жетуінің өзі таңғалдырады. Астына 21 санти­метр­лік блоктар қойылған. Одан кейін кесек құйылған, со­сын – тағы блок. Ол жер сілкінісіне қарсы сейсмика­лық бел­деудің қызметін атқарған. Осының өзінен қа­зақ дала­сын­да ХI-XII ғасырда сәулет және құрылыс өнері­нің қа­лай дамығандығын аңғаруға болады. Оң­түстік-шығыс қақ­пасының астымен жүр­гізіл­ген жерас­ты су құбырының та­былуы да сол заман­дарда мықты ұста­лардың болға­ны­нан хабардар еткен­дей.
Қазба жұмыстары кезінде табылған қыш ыдыстардың сынықтарын зерттей келе, ғалымдар олардың VІІ-ХІІ ғасырлар­ға жататындығын айтқан болатын. Түйме­кент қалашығы негізінде осы өңір билеуші­лерінің тұрған ордасы болуы мүмкін деген де пікір бар. Көне қаланың сыртын қамал­мен бекітіп, оның сырт жағын терең ормен қоршап, сумен толтырып қоятын болған. Мұны сыртқы жауларға тойтарыс беру үшін жасаған дейді ғалымдар. Әйгілі қаланың орнында бүгінгі күнге дейін қазба жұмыстары жүргізіліп келеді. Ғалымдар «бұл қала 2,5 ғасыр бойы үздіксіз дамып отырған» деген болжам жасап отыр. Бүгін­де археологтер тек шаруашылық бөлмесін ғана аршып біткен. Соның өзінде тарихи мол жәдігер табылып отыр. Әу баста зерт­теу жұмыстары толық аяқталғанда, бұл жер­ді ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру жоспары болған.
Осыдан екі ғасыр бұрын қала орнында зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар­дан ешқандай тарихи жазба деректер қалмаған. Тек зерттеу жүргізілді делінген қағаз ғана бар. Кейіннен «Мәдени мұра» бағдарлама­сы қолға алынғанда, бұл қала­шықтың бағы жанды десе де болады. Өйт­кені мұнда үш жыл бойы зерттеу жұмыс­тары жүргізіліп, тың деректермен толықты. Мұндағы қазба жұмыстары тарих ғылымы­ның докторы Мадияр Елеуовтің жетек­шілігімен жүргізі­луде. Бағдарламаның арқасында Түйме­кент пен Тамды қалала­рының орнында көп жылдардан бері қазба жұмыстары жүр­гі­зіл­ді. Кезінде керемет қала болған екеуі де табиғи апаттан зардап шеккен. Бір бөлігін өзен шайып кеткен. Түй­мекенттің біршама жерлері зақымдан­ған. Қазақ тарихына қан­шама тың дүние­лер қосқан бағдарла­ма­ның бүгінде тыны­сы тарылды. Түйме­кент те осы бағдарлама­ның арқасында ар­шылған еді. Алайда бағ­дарлама мерзі­мі­нің аяқталуына байла­нысты жұмысқа да нүкте қоюға тура келіп тұр. Табиғаттың тосын мінезінен мүжілсе де, бүлінбей бү­гінге жеткен тарихи мұра­ларымызды жаңа технологиялар қолға алына бастаған за­манда тоқтатуға мәжбүр болып отырмыз. Соның бір дәлелі – бағдарламаның аяқ­талуына байланысты биыл бюджеттен қаржы бөлінбеген. Мадияр Елеуов өзінің басқа гранттар ұтып алғанына байланысты сол қаржыға қазба жұмыстарын жалғас­ты­рып отыр. Егер ол қаржы да түгесілсе, онда жұмыс түбегейлі тоқтайды деген сөз. Осы уақытқа дейін жүргізілген жұмыстар­дың тиынға татымай қалуы да әбден мүм­кін. Табылып жатқан тың дүние де көп, ар­шылып алынғаны қаншама. Бүгінде архео­логтер үңги-үңги ең қажетті жеріне жетті. Онда мол мұра бары сөзсіз. Оның қазақ тарихына қосатын сүбелі үлесі аз емес еке­ні айқын. Алайда... Қазылған жерлер қар мен жаңбырдың суынан бүлінуі бек мүм­кін. Мүмкін емес-ау, әбден айқын... Қаржы осылайша қолбайлау болып отыр. Соның кесірінен археологтер маңдай терін там­шы­ла­тып қазған, әр қабырғасы бүлінбесін деп үпілеп-сүпілеп жүріп аршып алған орынды қайта көмуге ықтияр. Ал кейіннен оны қайта қазса, екі жұмыс болары сөзсіз. Осылайша көне дәуірден көмескіленбей бүгінге жеткен мол мұраны өз қолымызбен құртып отырған жайымыз бар. Бюджет-бюд­жет қаржысы деп ауыз ашып отыра бермейік десек те, қазақ үшін мол қаржы­сын қиып бере салатын атымтай жомарт­тың табылмай тұрғаны...
Елеусіз МЕДЕУОВ, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Қазба жұмыстары барысында көш­пенді деп ат таңылған ата-бабала­ры­мыздың сәулет-құрылыс өнерінен мол мағлұматы болғанын бағамдадық. Сейсмикалық қауіпсіздік туралы біл­ген­дерінің өзі неге тұрады? Мұнда қазақ тари­хына қосылар тың деректер әлі де көп.

Тәкен МОЛДАҚЫНОВ, Жамбыл облыстық «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-мұражайының директоры:
– Түймекент қаласын аршу бары­сында бұл тек қазақ тарихына ғана емес, адамзат тарихына мол үлес қос­қан жәдігер дер едім. Түркі халқының аса өнерлі, аса білімпаз болғандығына тағы да бір көз жеткізгендейміз. Тари­хи жәдігерлерімізді қазбас бұрын төбе­сін жабуымыз керек еді. Қазақ даласы­нан археологтеріміз қаншама қалалар­дың орнын аршып алып жатыр. Табиғат мезгілдерінен зардап шекпес үшін алдымен соларды қазбас бұрын осыны ойлауымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста