Тарихқа жаңа көзқарас керек

Тарихшылар жүрер жол мен барар жердің бағытын тағы бір бағамдады. Кеше Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі «Қазақстан тарихы: инновациялық тұжырымдамалар мен дәуірлеу ғылыми танымының басым бағыты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияға еліміздегі және алыс-жақын шетелдерден келген тарихшы ғалымдар қатысып, баян­дамалар жасады.
Светла­на СМАҒҰЛОВА, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этноло­гия институы директорының орынба­сары, тарих ғылымының докторы:
– Біздің бұл конферен­ция­ны өт­кізудегі басты мақсатымыз – Қа­зақстан тарихын көптомдық ретінде қа­рас­ты­рып, оның әрбір кезеңіне тоқталу. Қа­зақ ханды­ғы, қазақ халқының қалыпта­суы, оның эт­нотерриториясының мәсе­леле­рі, мемлекет­тің құрылуы, тіл мәсе­ле­лері жә­не осы тіл мә­селесі кешегі кеңес ке­зе­ңін­де қандай болды, Тәуел­сіздік қалай келді? Осы сұ­рақ­тар­дың барлығы бүгінгі конфе­рен­ция­да кеңі­нен талқылануда. Алдағы уақытта Қа­зақ­стан тарихының 20 кітаптан тұратын 10 томдығы жарық көрейін деп жатыр. Біз сол 10 томдықта бұрынғы шық­қан 5 томда кеткен қателерді жіберіп ал­ма­уымыз ке­рек. Бұрмаланған, жазыл­ма­ған тарихтар­ды жаңаша көзқараста са­рап­тауға тиіспіз. Осы тұрғыда бұл кон­ференцияның атқарар рөлі ерекше.

Қайдар АЛДАЖҰМАНОВ, тарих ғылымының кандидаты:
– Бүгінгі талқыланатын негізгі мәсе­ле ұлттық тарихымызды қалай зерделеу керек, қандай кезеңдерге бөлеміз деген сұрақтарға жауап іздеу болып табылады. Бұл конференцияға шетел­дік ғалымдардың келуін тарихқа бір­жақты қарамай, жан-жақты талқылауға жасалған алғышарт деп түсінуіміз ке­рек. Соңғы үш жылға дейін Ресей та­рих­шылары Қазақстанда ашаршылық болды деп ешқашан айтқан емес. Ук­раин ғалымдары өздеріне жасалған зұл­матты Біріккен Ұлттар Ұйымына де­йін жеткізді. Содан кейін барып қана еріксіз мойындауларына тура келді. «Ашар­шылық тек Украинада ғана емес, өзімізде де, Солтүстік Кавказда да, Қа­зақ­станда да болды» деп мойындады. Бүгін сол мәселелер тағы да көтеріліп жатыр.

Оразақ СМАҒҰЛОВ, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымының докторы:
– Бүгінгі жиналып жатқан конфе­рен­ция өте орынды болып тұр. Тарихқа деген жаңаша көзқарас – уақыттың ту­ды­рып отырған талабы. Мен бір мәсе­леге баса назар аударуды ұсынар едім. Бізде тарихшылардың көбі орысша жа­за­ды. Ал орыс тіліндегі терминдер мен қазақ тіліндегі терминдер арасында ай­ыр­машылықтар бар. Мысалға «Ка­захская степь» дейді. Степь дегеніңізде не географиялық, не этнотерминдік ұғым жоқ. Бұл жерде тек қана қазақтың тарихы болатын болса, біз оны көне қазақ жұрты дейік. Осындай мәселе­лерді қозғап, бір ізге түсіріп алуымыз керек. Бүгінгі жеткен жетістіктерімізді пайдалана отырып, тарихымызды жа­ңа­ша танып, осындай олқылықтардың орнын толтырсақ, бүгінгі конференция өз мақсатына жетеді деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста