Тараз мұражайлары тым мұңлы...

Тараз мұражайлары тым мұңлы...

Бүгінде еліміздегі мұражайлардың мұңы көп екендігі жайлы мақалалар баспасөз бетінде жиі жарияланып жүр. Осы ретте, Тараз топырағындағы мұражайлардың да жағдайы көңіл көншітпейді. Көне жәдігерлерімізді дәл бүгінгі озық технологиялы заманда құрдымға жіберіп алсақ, келер ұрпақ кешірмейтіні анық.

Облыс аумағындағы толыққанды мұражай атына сай келетін мәдениет ошағы ретінде облыстық тарихи-өлкетану мұражайын ғана айтуға болады. Қалғандарын «мұражай» деп атаудың өзі артық. Төле би ауданындағы мұражай ғимараты 1914 жылы салынған. Бүгінде әбден ескіріп, тозығы жеткен ғимараттың өзі жасына қарай тарихи ескерткішке айналып отыр. Жекелеген адамдарға арналған мұражайлардың ішінде Кенен Әзірбаевтың мұражайы өткен жылы жөндеуден өткен болатын. Жөндеу көрмей, жүнжіп кеткендері де жетерлік. Мәселен, облыс мұражайлары ішінде есімі әлемге танымал ғалым, гельминтологияның негізін қалаушы, академик Константин Скрябиннің мұражай үйі ерекше орын алады. Өкінішке қарай, осы мұражай ғимараты жыл өткен сайын тозып барады. Аталған ғимараттың біржола бұзылып кетпеуіне жергілікті билік атсалыса алмай отыр. Тіпті атақты академиктің қандай еңбек сіңіргені туралы білмейтін жандар да бар. Ал онда оқушыларды алып барып, еңбектерімен таныстыруға мүмкіндік жоқ.

Ұлы Жібек жолының бойындағы Тараз қаласының батыс жақ шетінде орналасқан Төрткүл кешеніне ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын. Бұл жұмыс әлі де жалғасын таппақ. Алдағы уақытта дәл осы жерді аспан асты музейіне айналдыру ойластырылуда. Облыс көлемінде археология ескерткіштерінің қазба жұмыстары әсіресе ірі ортағасырлық қалашықтарды консервациялау мен мұражайландыру біраз уақытты қажет етеді. Осыған орай, 2007-2009 жылдарға арналған республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасының екінші кезеңіне ортағасырлық Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарған тарихи қала ретінде ежелгі Қаған орталығы Ақыртас, Ұлы Жібек жолындағы ірі орталықтардың бірі Ақтөбе (Баласағұн), Меркі, Жайсаң, Түркі мәдени кешендері және Ақкесене мұнарасы, Қарақожа мешіті кіріп отыр. Сондай-ақ «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында облыс аумағындағы тарихи-мәдени және табиғи мұраны сақтау үшін құрамына Барсхан қалашығы, Жеті патша қорғаны, Қарасай, Қамыссай, Ботамойнақ, Ақыртас, Өрнек, Құлан, Меркі, Аспара қалашығы енетін «Ұлы Жібек жолының қаласы» ұлттық паркін құру бағдарламасына әзірлік қажет. Ақыртас сарай кешеніндегі тарихи зерттеу археологиялық қазба және мұражайландыру жұмыстары 2005 жылдан бері жалғасып келеді. Бұл жұмыстар ұзақ мерзімді қамтуы тиіс. Тарихқа бай Тараз қаласында осындай ауқымды істер қолға алынуда. Алайда жаңарту мен жаңғыртудың жөні бөлек. Ежелден келе жатқан көне жәдігерлер ерекше қамқорлыққа зәру. Мамандар «Скрябиннің мұражайын жоғалтып алмасақ» деп мұң шағып отыр...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста