Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалиға ескерту жасап, оның масқарасын шығарамын деп қорқытты. Ол өзінің ескертуін Facebook желісіндегі парақшасына жазған деп хабарлайды NUR.KZ.
"Мынау рас болса, жетiскен екенбiз! Сөзім жоқ.
Халықтан биiкпiн дегендердiң талайын көрдік, құзға қарай құлағанын. Кертаев секiлдiлер осындайларға жол ашып бередi айқайлатып-пайпайлатып. Ендi мiне, жауабы! Халыққа айқайлап: "ерiккен сарт енегiн уқалайды" деп қарияға зiркiлдеп сөйлейтін бұл кiм едi?! Ұят! Масқара! Сынды көтере алмай ма, кетсiн сахнадан! Ақсақалдың не айтқанында шаруам жоқ. Енек деген сөздi айтуға қалай ұялмайды?!
PS: Төреғалиге ескерту! Егер анабiр "тырнақшаның iшiндегi ағаң" мен сыйлайтын әншіге қоңырау шалып, бiр тал шашы түссін, iс басқаша болады! Тоқтат мына жабайы рэкетерлiк iсiңді! Сенің артыңда сол ағаң болса, ол әншінің соңында мен секiлдi халық тұр!
Аудиожазба менде сақтаулы. Бұрқ еткiзiп дәл қазір шығарсам, өте жаман болады!",- деп ескертті ол.
Желі қолданушылары Бибігүл Дәулетбекқызының бұл жазбасына түрлі пікірлер қалдырған. Ал журналист болса, Төреғали елімізге белгілі кісінің інісіне қоқан-лоқы көрсеткенін жеткізді.
Ол өзінің жазбасына қоса, хабаорламаның скринін де желіге жүктеп қойған.