Қазақстандық танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт екінші рет отбасын құрды. Бұл жолы оның таңдауы қарапайым қазақ азаматына түскен деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл сүйінші хабарды алдымен продюсер Серік Абас-шах өзінің ресми парақшасында жариялады. "Жұмбақтап" жазылған посттан оқырмандар тележүргізушінің өміріндегі өзгерісті бірден біліп қойыпты. Өйткені, Серік мырза Дананың екінші жары Мұратпен түскен суретін бөліскен.Кейінірек журналистің өзі оқырмандарына жаңалығын жеке парақшасында жеткізді.
"Ал,ағайын! Таң азаннан әріптесім Серік Аббас-шаx өздеріңізден сүйінші сұрап,менің үйімдегі,өмірімдегі өзгеріс жайлы жазыпты. Мен дәл солай дабыра қылып, жалпы жұртқа жария қылмай-ақ қояйын деген едім. Енді несін жасырамын?!
Иә, мен тұрмысқа шықтым. Ұлыма,өзіме тірек болатын Мұрат есімді азаматқа. Журналист та емес,әнші де емес, бастысы кішіпейіл,жүрегі таза Адам.
Менің бақытты болуымды осы күнге дейін тілеп келген баршаларыңыздың ниеттеріңіз қабыл болды. Іздеген жетер Мұратқа деген...Ұзағынан болғай деп тілеймін!", - деп жазды Дана Нұржігіт.